Қағаз ақша

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012  Қағаз ақша – атаулы құны бар ақша белгілері, яғни айналыста толымды ақшаны алмастыратын құн белгілері. Оны мемлекет өзінің шығыстарын жабу үшін шығарады. Қ. а. асыл металдармен қамтамасыз етілмеген, асыл металға айырбасталмайды және ұсақталмайды. Бағамы мәжбүрлі түрде белгіленеді;  Қ. а-ның бірнеше мәні бар: төлемнің заңды құралы – экономиканы, мемлекетті несиелендіру үшін және мемлекеттің алтын-валюта сақтық қорын молайту мақсатымен айналысқа шығаратын банкнота (несие ақшасы); мемлекеттің шығыстарын, ең алдымен бюджет тапшылығын жабу құралы – әдетте, қазынашылық шығаратын қазыналық билеттері; ақша ретінде пайдаланылуы мүмкін банкнота, бағалы қағаз, мыс., шек, аударма вексель (тіпті олар заңды төлем құралы болмаса да). Қ. а. айналыс, төлем құралы; салыстырмалы тұрақтылық кезеңінде жинақ ақша қызметін атқарады. Меншікті құны жоқ, айналыс барысында ұсынбалы құн сипатын алады. Мемлекет Қ. а-ның бағамын белгілей отырып, оған қоғамдық мән береді. Ақиқат құны оның атаулы бағамымен және оны көп мөлшерде шығару жолымен емес, құн заңымен және ақша айналысы заңдарымен айқындалады. Ақшаны құнның атаулы белгісіне айналдыру мүмкіндігі тауар айналысының және айналыс құралы ретіндегі ақша қызметінің сипатынан туындайды. Қ. а. эмиссиясының көлемі айналымға қажетті нақты ақша көлемінен аспауға тиіс. Оны көптеп шығару ақшаны құнсыздандырып, тауар бағасын қымбаттатады. Тұңғыш Қ. а. 7-ғ-да Қытайда шығарылды. АҚШ-та, Бат. Еуропада, Ресейде Қ. а. шығару ісі 17 – 18 ғ-да өріс алды. Кеңестік Ресейде алғашқы кезде уақытша үкімет 1917 ж. тамызда 20 және 40 рубль купюрімен шығарған “керенка“ түрінде қолданылды. Кеңестік Ресей үкіметі 1919 ж. есептесу белгілерін шығарды, ол кейін “Совзнаки” деп аталды. 1922 – 24 ж. ақша реформасын жүргізу кезеңінде Кеңес үкіметі 1924 ж. наурызда құны 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билеттер шығарды. Червонец пен қазыналық билеттің пара-парлығы белгіленді (1:10). Қазыналық билетті КСРО қаржы халкоматы шығарды. 1925 ж. қазыналық билетті шығару КСРО Мемл. банкіне жүктелді. Ресми түрде КСРО-да қазыналық билеттер 1991 жылға дейін шығарылып, айналыста болды. 1993 ж. бұл ақша белгілері айналыстан алынды. Қазақстанда ұлттық Қ. а. еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемендік алғаннан кейін, 1993 ж. 15 қарашада айналысқа шығарылды. С. Аханов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
08.11.2012 10:38 7059

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 Қағаз ақша – атаулы құны бар ақша белгілері, яғни айналыста толымды ақшаны алмастыратын құн белгілері. Оны мемлекет өзінің шығыстарын жабу үшін шығарады. Қ. а. асыл металдармен қамтамасыз етілмеген, асыл металға айырбасталмайды және ұсақталмайды. Бағамы мәжбүрлі түрде белгіленеді;  Қ. а-ның бірнеше мәні бар: төлемнің заңды құралы – экономиканы, мемлекетті несиелендіру үшін және мемлекеттің алтын-валюта сақтық қорын молайту мақсатымен айналысқа шығаратын банкнота (несие ақшасы); мемлекеттің шығыстарын, ең алдымен бюджет тапшылығын жабу құралы – әдетте, қазынашылық шығаратын қазыналық билеттері; ақша ретінде пайдаланылуы мүмкін банкнота, бағалы қағаз, мыс., шек, аударма вексель (тіпті олар заңды төлем құралы болмаса да). Қ. а. айналыс, төлем құралы; салыстырмалы тұрақтылық кезеңінде жинақ ақша қызметін атқарады. Меншікті құны жоқ, айналыс барысында ұсынбалы құн сипатын алады. Мемлекет Қ. а-ның бағамын белгілей отырып, оған қоғамдық мән береді. Ақиқат құны оның атаулы бағамымен және оны көп мөлшерде шығару жолымен емес, құн заңымен және ақша айналысы заңдарымен айқындалады. Ақшаны құнның атаулы белгісіне айналдыру мүмкіндігі тауар айналысының және айналыс құралы ретіндегі ақша қызметінің сипатынан туындайды. Қ. а. эмиссиясының көлемі айналымға қажетті нақты ақша көлемінен аспауға тиіс. Оны көптеп шығару ақшаны құнсыздандырып, тауар бағасын қымбаттатады.

Тұңғыш Қ. а. 7-ғ-да Қытайда шығарылды. АҚШ-та, Бат. Еуропада, Ресейде Қ. а. шығару ісі 17 – 18 ғ-да өріс алды. Кеңестік Ресейде алғашқы кезде уақытша үкімет 1917 ж. тамызда 20 және 40 рубль купюрімен шығарған “керенка“ түрінде қолданылды. Кеңестік Ресей үкіметі 1919 ж. есептесу белгілерін шығарды, ол кейін “Совзнаки” деп аталды. 1922 – 24 ж. ақша реформасын жүргізу кезеңінде Кеңес үкіметі 1924 ж. наурызда құны 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билеттер шығарды. Червонец пен қазыналық билеттің пара-парлығы белгіленді (1:10). Қазыналық билетті КСРО қаржы халкоматы шығарды. 1925 ж. қазыналық билетті шығару КСРО Мемл. банкіне жүктелді. Ресми түрде КСРО-да қазыналық билеттер 1991 жылға дейін шығарылып, айналыста болды. 1993 ж. бұл ақша белгілері айналыстан алынды. Қазақстанда ұлттық Қ. а. еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемендік алғаннан кейін, 1993 ж. 15 қарашада айналысқа шығарылды.

С. Аханов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz