Жаңалықтар

ҚАЗАҚ-ОЙРАТ ҚАТЫНАСТАРЫ

Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012 ҚАЗАҚ-ОЙРАТ ҚАТЫНАСТАРЫ (16 – 17 ғ.) – екі халықтың арасындағы саяси байланыстар. Қ.-о. қ. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін-ақ басталған болатын. 14 – 15 ғ-ларда ойраттардың бірқатар тайпалары күшейіп, көрші елдерге қатысты басқыншылық саясат ұстанды. Екі ел арасындағы толассыз қақтығыс жайылымдық жер мен маңызды сауда жолдарын бақылауға алу мақсатында жүрді. 16 ғ-ға қарай ойраттардың шапқыншылығы Ыстықкөлге, тіпті Сырдарияға дейін жетті. 16 ғ-да қазақтар Жетісу өлкесі үшін моңғол хандарымен де, ойраттармен де қақтығысқа түсті. 16 ғ-дың 20-жылдары ойрат өктемдігіне қарсы Таһир ханның нұсқауымен Жетісуда Жатан қамалы тұрғызылды. 16 ғ-дың екінші жартысында Ақназар хан тұсында ойраттардың шабуылдарына тойтарыс берілді. 16 ғ-дың аяғында Сыр өңіріндегі қалаларды басып алуға тырысқан ойраттарға Тәуекел хан күйрете соққы берді. Ол 1586 – 98 ж. шығыс ойрат билеушісі Алтын ханмен өзара түсінісіп, келісімге келді. Бұл тұста қазақтар басым түсіп, соғыста жеңілген ойраттардың бір бөлігін бағындырды. 17 ғ-да екі ел арасындағы қарым-қатынас негізінен Оңт. Қазақстан қалалары мен Жетісу жері үшін күреспен байланысты болды. 1616 ж. ойраттардың қалың қолы жайылымдық мол жерлері бар және сауда жолдары өтетін Жетісуға басып кірді. Бұл тұста жеңіліске ұшыраған ойраттардың шабуылы Жоңғар хандығы құрылғаннан кейін, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Жалаңтөс баһадүр 30 мыңдық жасағымен Батыр қонтайшының қалың қолына тойтарыс берді. 1640 ж. қыркүйекте Жәңгір хан елшілері Батыр қонтайшының ордасында болды. Бірақ Батыр қонтайшы қазақ хандарына қарсы шапқыншылық мақсатпен бірнеше көршілес иеліктердің басын қосып, одақ ұйымдастырды. 1643 – 44 ж. жаңа жоңғар-қазақ соғысы басталды. Ойраттар қазақ руларына ғана емес, Тянь-Шань қырғыздарына да қауіп төндірді. Шағын қолын бастаған Жәңгір хан Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен және қырғыздармен тізе қосып, соғысты қазақтардың пайдасына шешті (қ. Орбұлақ шайқасы). Бірақ бұл жеңіс екі ел арасындағы шиеленіскен жағдайды түзей алмады. Жәңгір ұлдары Тәуке мен Апақты Жоңғарияға аттандырып, арадағы қайшылықты дипломатиялық жолмен шешуге қадам жасады. 1652 ж. ойраттар қазақ хандығына тағы да басып кірді. Жәңгірдің туы астында шоғырланған қазақ сарбаздары жоңғарларды кейін ығыстырып тастады. Алайда қазақ-ойрат қатынастары Тәуке хан тұсында қайтадан шиеленісті. 1698 ж. ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғар нояндары ірі сауда орт-тары орналасқан Оңт. Қазақстан аумағын басып алуды көкседі. 17 ғ-дың аяғындағы Тәуке ханның ойраттарға қарсы соғыстары да үлкен жеңіске қол жеткізе алмады. Бұл алдағы уақытта да қазақтардың ел мен жер бірлігін сақтап қалуы үшін барынша күш жинап, бірігуін қажет етті; қ. Жоңғар шапқыншылығы. Ж. Қасымбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 10:28 4543

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

ҚАЗАҚ-ОЙРАТ ҚАТЫНАСТАРЫ (16 – 17 ғ.) – екі халықтың арасындағы саяси байланыстар. Қ.-о. қ. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін-ақ басталған болатын. 14 – 15 ғ-ларда ойраттардың бірқатар тайпалары күшейіп, көрші елдерге қатысты басқыншылық саясат ұстанды. Екі ел арасындағы толассыз қақтығыс жайылымдық жер мен маңызды сауда жолдарын бақылауға алу мақсатында жүрді. 16 ғ-ға қарай ойраттардың шапқыншылығы Ыстықкөлге, тіпті Сырдарияға дейін жетті. 16 ғ-да қазақтар Жетісу өлкесі үшін моңғол хандарымен де, ойраттармен де қақтығысқа түсті. 16 ғ-дың 20-жылдары ойрат өктемдігіне қарсы Таһир ханның нұсқауымен Жетісуда Жатан қамалы тұрғызылды. 16 ғ-дың екінші жартысында Ақназар хан тұсында ойраттардың шабуылдарына тойтарыс берілді. 16 ғ-дың аяғында Сыр өңіріндегі қалаларды басып алуға тырысқан ойраттарға Тәуекел хан күйрете соққы берді. Ол 1586 – 98 ж. шығыс ойрат билеушісі Алтын ханмен өзара түсінісіп, келісімге келді. Бұл тұста қазақтар басым түсіп, соғыста жеңілген ойраттардың бір бөлігін бағындырды. 17 ғ-да екі ел арасындағы қарым-қатынас негізінен Оңт. Қазақстан қалалары мен Жетісу жері үшін күреспен байланысты болды. 1616 ж. ойраттардың қалың қолы жайылымдық мол жерлері бар және сауда жолдары өтетін Жетісуға басып кірді. Бұл тұста жеңіліске ұшыраған ойраттардың шабуылы Жоңғар хандығы құрылғаннан кейін, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Жалаңтөс баһадүр 30 мыңдық жасағымен Батыр қонтайшының қалың қолына тойтарыс берді. 1640 ж. қыркүйекте Жәңгір хан елшілері Батыр қонтайшының ордасында болды. Бірақ Батыр қонтайшы қазақ хандарына қарсы шапқыншылық мақсатпен бірнеше көршілес иеліктердің басын қосып, одақ ұйымдастырды. 1643 – 44 ж. жаңа жоңғар-қазақ соғысы басталды. Ойраттар қазақ руларына ғана емес, Тянь-Шань қырғыздарына да қауіп төндірді. Шағын қолын бастаған Жәңгір хан Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен және қырғыздармен тізе қосып, соғысты қазақтардың пайдасына шешті (қ. Орбұлақ шайқасы). Бірақ бұл жеңіс екі ел арасындағы шиеленіскен жағдайды түзей алмады. Жәңгір ұлдары Тәуке мен Апақты Жоңғарияға аттандырып, арадағы қайшылықты дипломатиялық жолмен шешуге қадам жасады. 1652 ж. ойраттар қазақ хандығына тағы да басып кірді. Жәңгірдің туы астында шоғырланған қазақ сарбаздары жоңғарларды кейін ығыстырып тастады. Алайда қазақ-ойрат қатынастары Тәуке хан тұсында қайтадан шиеленісті. 1698 ж. ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғар нояндары ірі сауда орт-тары орналасқан Оңт. Қазақстан аумағын басып алуды көкседі. 17 ғ-дың аяғындағы Тәуке ханның ойраттарға қарсы соғыстары да үлкен жеңіске қол жеткізе алмады. Бұл алдағы уақытта да қазақтардың ел мен жер бірлігін сақтап қалуы үшін барынша күш жинап, бірігуін қажет етті; қ. Жоңғар шапқыншылығы.

Ж. Қасымбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға