Бурабайдағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
13.07.2023 22:42
1177
Облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 13 шілдеде сағат 16.12-де Бурабай ауданындағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді.
Алдын ала болжам бойынша жану алаңы 0,14 гектарды құрады.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 120-дан астам адам мен техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, өртті сөндіруге су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.
Өрт сағат 18.25-те оқшауланды.
Оқиға орнында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордалық азаматтан 41 түп сор өсімдігі тәркіленді