Жаңалықтар

Бүгін Теміржанов және ағайынды Оралбайлар рингке шығады

Бүгін Теміржанов және ағайынды Оралбайлар рингке шығады
Фото: коллаж El.kz 05.05.2023 11:15 786

5 мамырда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде үш қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алдымен, күндізгі сессияда 57 келіде өнер көрсететін Серік Теміржанов жекпе-жекке шығады. Ол Мали боксшысы Абдул-Карим Батилимен жолығады. 

Ал кешкі сессияда ағайынды Оралбайлар жұдырықтасады.Нұрбек (80 келі) әзербайжандық Мурад Аллахвердиевпен қолғап түйістіреді. Айбек  (92 келіге дейін)  италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен кездеседі.

Отандық боксшылардан әзірге жарыс жолынан екеуі шығып қалды. Біреуі – Талғат Сырымбетов (60 келі), екіншісі Санатәлі Төлтаев (63,5 келі).
Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға