Бүгін биылғы күздің басты медиа іс-шарасы – Astana Media Week-2022 басталады, деп хабарлайды El.kz.
26-28 қазан аралығында «Қазмедиа Орталығында» өтетін басқосуда отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, ақпараттық платформалардың басшылары, журналистер, блогерлер және тәуелсіз сарапшылар тәжірибе алмасып, түрлі талқылаулар жасайды.
150-ге жуық отандық және халықаралық спикер қатысады. 11 елден медиа саласының сарапшылары келіп, пікір алмасып, пайдалы ақпараттар айтады.
Жылдың басты тақырыбы – «Жаңа дәуір – жаңа медиа».
Meta – Astana Media Week-тің жеке тақырыбы болады. Компания өкілдері Метағалам туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуметтік желідегі трендтер тақырыбында сөз қозғайды.
Сол секілді TikTok компаниясының мамандары медиа апталыққа белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, пайдалы ақпарат береді деп отырмыз.
Медиа апталықтың бірінші күні, панельдік сессия аясында қатысушылар Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ортақ сын-қатерлерге ортақ жауаптарды қалай табуға болатынын талқылайды.
Екінші күн «Қазақстандағы жарнама медиа-нарығы: қазіргі жағдайы» тақырыбындағы пікірталас алаңынан басталады. Қазақстанның барлық өңірінен келген медиа саланың өкілдері өңірлік БАҚ форумында жиналып, аймақтағы медиа саланың трендтерін, проблемалық мәселелерін және олардың даму жолдарын сөз етеді.
Үшінші күні баспасөз хатшылары үшін бөлек сессия жұмысы қарастырылған.
Media Week дәстүрлі түрде баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін «Үркер» сыйлығының салтанатты рәсімімен аяқталады.
Бүгін елордада Astana Media Week-2022 басталады
Оқи отырыңыз
30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды