Жаңалықтар

Бүгін - Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,1 трлн теңгені құрады
Бүгін - Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
Фото: gov.kz 20.11.2022 13:24 2106

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев саланың барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz

«Бұл күн бүкіл ел үшін тағы бір маңызды оқиға - Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау күніне сәйкес келеді. Биылғы мерекеге ауыл қызметкерлері жақсы нәтижелермен келді. 10 айдың қорытындысы бойынша сала экономикадағы ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі жыл басынан бері 8,2% - ға ұлғайып, 8,1 трлн теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім барлық бағыттар бойынша қол жеткізілді. Әсіресе астық саласындағы жетістіктері ерекше болды. 22,1 млн тонна дәнді және бұршақты дақылдар бастырылды және бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Азық-түлік өндірісінің көлемі 3,5% - ға өсті», - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев өз жазбасында.

Ол жер учаскелерін нысаналы пайдалануға қатысты бақылау күшейтіліп жатқанын атап өтті.  Тек биылғы жылы 5 млн гектардан астам пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды, олар агробизнесті жүргізу үшін жерге шынымен мұқтаж жандар арасында қайта бөлінеді және бірінші кезекте бұл жерлер жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз етудің қазіргі проблемасын шешуге бағытталатын болады.

Сондай-ақ, министрдің жазбасында ведомствоның және саланың тұтастай алғанда жақын болашақтағы міндеттері көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға