Жаңалықтар

Бүгін "Арселор Миттал Теміртау" компаниясында қаралы күн жарияланды

Бүгін "Арселор Миттал Теміртау" компаниясында қаралы күн жарияланды
Фото: © El.kz 20.08.2023 04:21 886

20 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қаралы күн болып жарияланғанын мәлімдеді. 

Бұл отбасылар мен біз үшін орны толмас қаза және үлкен қайғы. Көз жұмған әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек және қолдау көрсететін боламыз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты қамқорлық пен сауықтыруда көмек көрсетіледі. Компания апат себебін анықтау үшін және алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауына бар күш-жігерін салады», - деді бас директор өз сөзінде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға