Жаңалықтар

БҚО-да жыл басынан бері 50-ге жуық адамнан қызылша анықталды

БҚО-да жыл басынан бері 50-ге жуық адамнан қызылша анықталды
Фото: © Shutterstock.com 11.01.2024 20:35 1002

Батыс Қазақстан облысында он күнде 50-ге жуық адам қызылшаға шалдыққан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлыбек Ермекұлы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысының айтуынша, облыста қызылшаға байланысты аурушаңдықтың өсуі байқалып отыр. Өткен 2023 жылы қызылшаның 477 жағдайы расталса, ағымдағы 2024 жылда 48 жағдай тіркелген.

Қызылшаға қарсы вакцина ұлттық иммундау күнтізбесіне енгізілген. Балаларға қызылшаға қарсы егу - 1 жаста, ал ревакцинация 6 жаста жүргізіледі. Екпеден кейін инфекциядан қорғайтын иммунитет пайда болады. Тұрғындарға өздігінен ем қабылдамай, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеміз,- деді Нұрлыбек Мұстаев.

Оқи отырыңыз:

Басқарма басшысы балалар арасында қызылшаға қарсы екпе алмағандар болса, ауыр асқынулар мен аурудың салдарының алдын алу мақсатында жергілікті емханаға барып, екпе алу керектігін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға