Жаңалықтар

БҚО-да қаржы пирамидасын құрғандар анықталды

БҚО-да қаржы пирамидасын құрғандар анықталды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 13.07.2023 16:33 959

БҚО-да «World Money» компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тарту болған.

Оқи отырыңыз:

2023 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.

Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - делінген мәліметте.

ҚМА сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға