Жаңалықтар

БҚО-да Ауғанстанның он азаматы ұсталды

БҚО-да Ауғанстанның он азаматы ұсталды
Фото: Видеодан кадр 24.08.2023 17:47 670

БҚО полицейлері Ауғанстанның 10 азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып еліміздің шекарасынан заңсыз өтпек болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді.

Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған екен.

Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық сотына жолданатын болады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға