Жаңалықтар

«Болашақ» стипендиясына үміткер қазақ тілінен онлайн тест тапсыра алады

Бұл туралы Ашық НҚА порталында құжат жобасы жарияланды
«Болашақ» стипендиясына үміткер қазақ тілінен онлайн тест тапсыра алады
Фото: liter.kz 13.12.2022 11:40 1468

«Болашақ» бағдарламасына түсу үшін үміткерлер қазақ тілі бойынша тест сынағын Қазтест және Qazaq resmi test жүйелерінің бірінде тапсыра алады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Qazaq resmi test жүйесінің Қазтест жүйесінен артықшылығы оны онлайн тапсыруға болады. Ол мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың "Қазақ тілі" пәнінің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде орта және жоғары білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген. Qazaq resmi test үміткердің тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу бойынша тіл білу дәрежесін анықтауға көмектеседі. Тест нәтижесі 2 күн ішінде дайын болып, үміткердің сервистегі жеке кабинетіне жолданады.

Онлайн тест тапсырған үміткер "Болашақ" конкурсына www.qrt.kz сайтынан жүктелген ресми сертификатты ұсынады. "Болашақ" стипендиясын алу үшін нәтиже көрсеткіші В1 және одан жоғары деңгейде болуы тиіс.

"Тестілеуден өту прокторинг және анти-оқу жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл жалғандық немесе алдау мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл сервисті үміткерлер "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша конкурсқа қатысу үшін пайдалана алады. Тесті онлайн форматта тапсыру мүмкіндігі ауыл жастарын қоса алғанда, конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің санын арттыруға мүмкіндік береді" делінген құжат жобасында.

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 21 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға