«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Олардың ішінде 152 адам магистратурада білім алуға, 16 үміткер докторантура бағдарламаларына жолдама алды. Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Бағдарламаның салалық құрылымы да мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын айқын көрсетіп отыр. Мәселен, стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.
Сонымен қатар, тағы 182 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды. Ғылыми тағылымдамалар – отандық ғылым мен өндірістің дамуына серпін беретін, заманауи білім мен озық тәжірибені елге трансферттеудің маңызды тетігі.
Мемлекет басшысы айқындаған Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру бағытын іске асыру мақсатында нақты секторда практикалық қолдануға бағдарланған жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау күшейтіледі. Осыған орай, 2026 жылы кәсіби тағылымдамаларға қатысушылар үшін «Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар» атты жаңа санат бекітілді.
Сондай-ақ комиссия отырысында 2026 жылдан бастап магистратура, докторантура, тағылымдама бойынша атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған арнайы санатты енгізу туралы шешім қабылданды.
Грант иегерлерінің тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері белгілі болды
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек