Жаңалықтар

«Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік»: Ердоған Тоқаевқа алғыс айтты

«Біз шынайы  бауырмалдықты сезіндік»: Ердоған Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: Ақорда 16.03.2023 16:10 766

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қонақжайлық көрсетіп, құрметпен қарсы алғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты.

– Марқұмдардың туған-туыстарына, Өзіңізге және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтамын. Түркия – әрқашан қиындыққа қарсы тұра білген мемлекет. Сіздер мол тәжірибе мен ел бірлігінің арқасында бұл қиындықты еңсеріп шығасыздар деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Түркияға келгеніңізге қуаныштымын. Алапат жер сілкінісінен 49 мың адам қаза тапты. Осындай қиын сәтте алғашқы болып телефон шалған көшбасшылардың бірі өзіңіз болдыңыз. Қазақстаның құтқарушылары зардап шеккен азаматтарымызды құтқаруға атсалысты. Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік, – деді Түркия Президенті. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға