Жаңалықтар

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

Елорданы көгалдандыру
20.04.2016 05:35 8263

Астананың Есіл ауданына қарасты үш нысаны аумағына қызғалдақ гүлдері отырғызылады. Бұл туралы  «Астананың жасыл белдеуі» орман алқабын күтіп ұстау бойынша ұйымдастырылған пресс-турда айтылды.  

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

«Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ-ның басқарма төрағасы Әділхан Әбілдинов:   

Биыл 44 мың түп көпжылдық гүл отырғызбақшымыз. Сондай-ақ саябақтарға раушан гүлінің бес-алты түрін егуді көздеп отырмыз. Алдағы күзде қызғалдақтың бес-алты түрінің 100 мыңдай баданасын сатып алуды жоспарлап қойдық. Оны мемлекеттік сатып алу арқылы Голландиядан алдырамыз. 

Әділхан Әбілдиновтың айтуынша, Есіл ауданының Ислам орталығы, Бәйтерек сынды ірі нысандар аумағынан келер жылдың көктемінде жайқалған қызғалдақтарды көретін боламыз. Кәсіпорын қызғалдақ егумен бұрындары да шұғылданған. Қызғалдақтар қыс маусымна өте төзімді өсімдік. 

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі 

Алдағы уақытта елорданың «жасыл белдеуі», саябақтары мен скверлері  түрлі жеміс ағаштарымен толығады. Бұл туралы Астана қаласының табиғи ресурстары басқармасының бастығы Әділбек Сәрсенбаев мәлімдеді.

 Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

«Алма, алмұрт ағаштарын өсіруді қазірден қолға алып жатырмыз. Бұл ағаштар жергілікті флораны байытуы тиіс. «Жасыл белдеуде» жеміс ағаштарының тәжірибелік үлгідегі аздаған көлемін қалыптастырамыз. Дегенмен жеміс ағаштарының қабығына әуес келетін, бүгінде саны күрт көбейген қояндар қауіп төндіруі мүмкін», – деді Сәрсенбаев.

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі 

Елордада ағаштардың санын Астананың Табиғи ресурстар басқармасы әрдайым есепке алып отырады.

«Кәрі ағаштар, құрт түскен ағаштар және инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымдарының жолына кедергі болатын ағаштар кесіледі. Өткен жылы ағаш кесуге 400-ге жуық рұқсат қағазы берілді. Басқа ешбір жасыл желекті кесуге рұқсат етпейміз. Ол біздің қатаң бақылауымызда», – деді Ә.Сәрсенбаев.

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі 

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

Сонымен қатар Астанада әрбір кесілген ағаштың орнына жаңадан екі ағаш егу талабы жүзеге асырылады.

Астананы көгалдандыруға биыл 4 млрд теңге бөлінген.  Аталған қаржының бір бөлігіне 25 мың түп раушан гүлі отырғызылады. «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Әбілдиновтің айтуынша,  гүлзарлар отырғызу үшін гүл көшеттерінің 7,7 млн біржылдық тұқымы өсірілуде. Сондай-ақ қаланың гүлзарларына 45 мың түп қалампыр, мыңжапырақ секілді көпжылдық гүлдер отырғызылады. Осы жылы бес-алты түрлі раушан гүлінің 25 мың түбін отырғызу көзделген.

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

Оның сөзінше, Астана қаласының аудандық әкімдіктері «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ әкімшілері болып табылады. Қала бойынша гүлбақшалардың жалпы аумағы 162 мың шаршы метрді құрайды. Оның 15 мыңына біржылдық тұқымдар егіледі. Бір гүлдің жалпы құны оны күтіп-баптау, тұқымды сатып алу, жылыжайда өсіру жұмыстарына байланысты.

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

 Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

«Көпжылдық өсімдіктердің құны қымбатқа түседі. Біздегі гүл көшеттерінің бағасы әртүрлі, сондықтан нақты бір соманы айту қиын. Биыл үш аудандық әкімдік көгалдандыруға 4 млрд теңге бөлді. Аталған қаражат тек гүл егуге ғана емес, сондай-ақ оны күтіп-баптау және тал егу, жасыл қоршаулар жасау және т.б. жұмсалады. Былтырғы бөлінген қаражат шамамен 5%-ға аз болатын», – деді Әділхан Әбілдинов.

Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі 

«Ағаш көшеттерін даярлайтын екі кәсіпорын бар. 600 мыңнан артық ағаш көшеттері сол екі тәлімбақтың аумағында бапталады. Қаланы көгалдандыруға пайдаланылатын өнімнің 90%-ы өзіміздің жылыжайда  өсіріледі. Сонымен бірге өзіміздің жылыжайлар тұқым сатып алып, сеуіп, дайын өнімді қалаға отырғызады», – деп тоқталды «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ басшысы.

 Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

Оның айтуынша, екі жылыжайда 60-70 адам еңбек етеді. Олардың өз гүл өсіруші агрономдары, жылыжай жетекшілері бар. Ал қала көшелеріне отырғызумен басқа бригадалар айналысады.

 Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

Мамандардың сөзіне сенсек, көгалдандыру құрылысы учаскесінде 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалпы орташа алғанда Алматы ауданында – 50 мың, Есіл ауданында – 90 мың,  Сарыарқа ауданында 20 мың шаршы метр жерге гүл егіледі.

 Биыл Астанаға 44 мың түп қызғалдақ егіледі

23 сәуірде «Таза қала – бақытты қала» жалпықалалық сенбілігі өтеді. Қазіргі кезде үш ауданның әкімдіктері ағаш пен көшет отырғызатын орындарды дайындау, гүлзарларды тарау, гүлбақтар мен парктерді, көшелерді абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, қаланы санитарлық тазарту және көгалдандыруға дайындау жұмыстары қолға алынды.

Жақында елордада бір күнде 16 мың ағаш отырғызу жоспарланған.


Айша КЕРЕЙ

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға