Жаңалықтар

Биыл республика бойынша 6,9 млн гектар дәнді дақылдар жиналды

Биыл республика бойынша 6,9 млн гектар дәнді дақылдар жиналды
Фото: © Pixabay.com 19.09.2023 10:47 1140

Биыл елімізде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналатын алаң 17,3 миллион гектарды құрады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 6,9 миллион гектар немесе 40,0% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. 6,6 миллион тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарына 9,5 центнерді құрады. Салыстыру үшін айта кетсем, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде 11,6 миллион гектар немесе 72,8% жиналған болатын, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Айдарбек Сейпілұлының айтуынша, бұл ретте егіс науқаны оңтайлы аграрлық мерзімдерде жүргізілген. Жаздың ауа райы жағдайлары елдің көп бөлігінде қалыпты жағдайда болды, егін жинау науқанына дайындық кезеңінде техниканың дайындығы, жеңілдетілген жанар-жағармай 100% қамтамасыз етілді.

Негізгі астық егетін аймақтарда 3 аптадан астам уақытқа созылған ұзақ жауын-шашын өзінің кесірін тигізді, бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді, - деді министр.

Айдарбек Сапаровтың сөзінше, ауа райынан зардап шеккен өңірлерде барлық мүдделі органдар мен ұйымдарды қоса отырып, келтірілген зиянның ауқымын айқындау үшін жұмыс комиссиялары құрылды. Жұмыс комиссиялары еліміздің зардап шеккен аймақтарына барып, егін жинау жұмыстарының барысына талдау жүргізді. Әкімдіктердің деректері бойынша 2,7 миллион гектарда немесе 15% алаңда дәннің өніп жатқаны байқалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға