Жаңалықтар

Биыл қазақстандықтардың зейнетақысы қаншалықты өсті

Биыл қазақстандықтардың зейнетақысы қаншалықты өсті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.01.2024 17:56 1978

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өсті. Соған байланысты ең төменгі стандарттардың жаңа индексі пайда болды, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, Қазақстандағы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1 қаңтардан бастап 3 692 теңгені, ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңгені, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңгені құрайды. 

Биыл қазақстандықтардың зейнетақысы қаншалықты өсті

Осыған байланысты 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін жыл сайын индекстеу жүргізіледі.

Жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 9 пайызға артады. Жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК (203 060 теңге) құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 205-бабына сәйкес, күнкөріс деңгейі жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.

Оқи отырыңыз:

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болған не ол болмаған кезде базалық зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 65 пайызын (60 пайызының орнына) құрайды, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің әрбір толық жылы үшін 10 жылдан астам 2 пайызға, бірақ 105 пайыздан аспайды. Бұл 2024 жылдың 1 қаңтарында жаңа және өткен зейнеткерлерге қатысты.

Осылайша, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеге, ал ең жоғары мөлшері - 45 578 теңгеге тең болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға