Жаңалықтар

Биыл 14 мың шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі деректерді мәлім етті
Биыл 14 мың шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді
Фото: ult.kz 27.12.2022 14:11 671

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Рұқсат алған шетел азаматтар біздің қадағалауымызда, олар елдегі қазақстандық немесе шетелдік компанияларда жұмыс істейді. Биыл 14 мың шетелдік маманға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді. Олар жұмыс істейді және міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Ресей азаматтарына да қатысты ақпарат ұсынылды – олардың саны 22 мыңнан сәл асады, олар да міндетті зейнетақы жарнасын төлейді», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға