Жаңалықтар

Бишімбаев телефонының құпия сөзін айтудан бас тартты

Бишімбаев телефонының құпия сөзін айтудан бас тартты
Фото: Jogargy sot 18.04.2024 17:21 1631

Сот отырысы барысында Қуандық Бишімбаев телефонының құпия сөзін айтудан бас тартты. Ол құпия сөзді адвокатына ғана бере алатынын айтып, сотқа беруден бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қуандық Бишімбаев бірнеше рет телефонын прокурор мен сот өкіліне бере алмайтынын, оның ішінде өзге де жеке деректері бар екенін айтып ақталды. 

Мен кодты қорғаушыма ғана беремін, - деді Бишімбаев.

Алайда судья Айжан Құлбаева кодты тек сотқа беруге болатынын айтып, телефонның заттай айғақ ретінде кодпен бірге қылмыстық іс материалдарына енгізілетініне қарсылық білдірді.

Сотталушы Бишімбаев сотқа телефонының кодын беруден бас тартқандықтан, біз сот тергеуінің одан әрі тәртібіне көшеміз, - деді судья.

Бұған дейінгі сот отырыстарында Қуандық Бишімбаев өзінің кінәсіз екенін телефонында жазған хаттар арқылы дәлелдей алатынын айтқан еді. Бірақ бүгінгі сот отырысында телефонын беруден бас тартты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға