Жаңалықтар

Бисембин кезекті комедиясын түсіруге кірісті

Қазақ киносы
24.08.2016 08:53 4312

Қазақстандық режиссер Асқар Бисембин өзінің «Nauryz.kz» деп аталатын жаңа комедиясын түсіруге кірісіп кетті. Фильмнің түсірілім жұмыстары 16 тамыз күні басталды.

Бисембин кезекті комедиясын түсіруге кірісті

Алматыда басталған түсірілім процесі кейінірек Астана, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Қаракестек ауылында жалғасады. Фильмде Кәдірбек Демесін, Анатолий Кренженчуков, Саят Мерекеұлы, Данагүл Темірсұлтанова, Берік Айтжанов, Жанар Доғалова, Айқын, Кентал, Алдабек Шалбаев, Серік Шәріп және Жеңіс Омаровтар ойнайды.

Картина авторлары фильмнің көктем тарихы мен махаббат, отбасылық құндылық және шынайы достық туралы екендігін айтады. «Бұл кино арқылы біз адамның бойындағы барлық асыл қасиеттерді көрсетуге тырысамыз» дейді олар. Туынды желісі бойынша бас кейіпкерлер Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бес түрлі қызықты оқиғаны бастарынан өткереді.

Жаңа комедияның режиссері Асқар Бисембин бұған дейін көрерменге «Адель», «Үшеудің тойы», «Әкесінің қызы» фильмдері арқылы танылған. Фильмнің сценарийін Василий Земзюлин, Асқар Бисембин және Николай Пак жазған.

Комедия көрермен назарына 2017 жылдың 16 наурызында ұсынылады деп жоспарланып отыр.


 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға