Жаңалықтар

Бір сәттік рахатқа бөлейтін вейпке жасөспірімдер неге құмар?

Бір сәттік рахатқа бөлейтін вейпке жасөспірімдер неге құмар?
Фото: © Pixabay.com 03.08.2023 13:16 1945

Кейінгі жылдары елімізде жасөспірімдер арасында бір реттік вейп кеселі белең алып барады. Өйткені бұл қай жағынан алып қарасақ та қолжетімді. Бағасы да қалтаға салмақ салмайды.  

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы екі жылда вейп айналымы 300 есе өскен. Екі жарым жыл ішінде Қазақстанға шамамен 3 миллион дана вайп әкелінді (егер қарттар мен сәбилерді алып тастасақ, әрбір үшінші қазақстандық вейптерді пайдаланады).

Кәсіпкер Нұркен Халықберген бірнеше жыл бұрын балалар мен жасөспірімдердің бұл затқа құмарлығы туралы әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ деп отыр.

Вейп мәселесі тек қол жетімділікке байланысты емес. Президент өз сөзінде қауіпті құбылыспен күресу үшін жүйелі шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Вейптерді сатуға, импорттауға, экспорттауға және өндіруге тыйым салу үшін жан-жақты жұмыс қажет. Өйткені, вапаларды бөлшектелген түрде, қосалқы бөлшектер түрінде де 3 миллионға әкелуге болады, – дейді Нұркен Халықберген.

Сарапшының пікірінше тауарлар  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден келіп жатқаны рас болса, кедендік шекаралар туралы келісімнің не керегі бар деп күйінді.

Кәсіпкердің айтуынша вапалармен күресудің пәрменді тәсілі кез келген ҚР азаматы үшін онлайн-арналар арқылы шағымдану мүмкіндігі болуы мүмкін. Бұл ретте кез келген адам онлайн режимінде заңсыз сауда фактілері туралы хабарлай алатынын, ал кінәлілерге айыппұл салынғаннан кейін қырағылық пен саналылық үшін сыйақы түрінде қаражаттың бір бөлігін алатынын көздеу қажет.

Заңсыз вап саудасымен күресудің мұндай механизмі саудагерлерде «тұрақты стрессті» тудырады. Мұндай жағдайда заңсыз тауарларды өз дүкеніне қауіп төндіріп сатқысы келетіндер аз, – деді ол.  

Осы күні түтінмен қоса синтетикалық есірткі бар. Мәселен, 2023 жылғы 17 және 24 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша департаменттері Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын тоқтатты.

Заңсыз айналымнан 29 келіден аса «мефедрон» психотроптық заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды.

ҰҚК тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» бағасы 580 миллион теңгеден асуы мүмкін екенін айтты.

Бұдан өзге 2023 жылғы 30 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы аумағында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны жүзеге асырған.

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында психотроптық заттарды әзірлеу үшін және оны одан әрі ТМД елдерінде сату мақсатымен Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды анықтады.

Тінту барысында 100 келіге жуық «а-PVP» психотроптық заты, прекурсорлар, сонымен қатар синтетикалық есірткі өндірісіне арналған заманауи құрылығы табылып, тәркіленгені белгілі болды.

Нарколог дәрігер Меруерт Рыспанова жасөспірімдер мен жастар арасында синтетикалық препараттардың неше түрі «экстази, ұнтақ, тұз» тез таралып жатқанын айтады. Бұған олар бір жағынан сән ретінде қараса, екінші жағынан қызығушылықпен келетін көрінеді.

Ең қауіптісі – жасөспірім есірткіні қызығушылықпен қабылдай отырып, жағымды сезімге бөленгісі келеді. Мұндай кезде жасөспірім есірткіден бас тарта алмай, қайтадан дәмін көргісі келеді және тәуелді болуға дейін апарады. Яғни, бұл жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріндегі психикасына байланысты. Олар ата-аналарына өзінің ересек екенін және қамқорлығына мұқтаж емес екенін дәлелдеуге тырысады, – дейді дәрігер.

Нарколог дәрігердің айтуынша, бұған ықпал ететін тағы бір себеп – смартфон мен интернеттің қол жетімділігі.

Смартфоны бар және шамалы сомасы бар кез-келген жасөспірім интернеттен іздеп, есірткі сатып ала алады. Синтетикалық препараттар тәуелділікке тез ықпал етеді, – дейді нарколог дәрігер Меруерт Рыспанова.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша жыл сайын 3 мыңға дейін есірткі қылмысы анықталады. Оның 60% - ы есірткі сатуға тиесілі. Одан 15-20 тонна есірткі алынады. Олардың 95% - дан астамы каннабис тобындағы есірткіге, 5%-ға жуығы синтетикалық есірткіге, 1% - дан азы апиынға, героинге және басқа да заттарға тиесілі.

Биыл ел аумағында полиция 28 нарколабораторияны жойды. Заңсыз айналымнан 180 келіден астам синтетика, оның ішінде мефедрон тәркіленгені белгілі болды.

Әрине, соңғы уақыттарда вейптердің саудасы шектелмек дегенді жиі естіп жүрміз. Бірақ бәрі де әзірге сөз жүзінде. Депутаттар да Парламент қабырғасында ұрандатып, мәселе етіп көтеріп жатады. Мысалы, биыл Мәжілістегі Еділ Жаңбыршин, Жұлдыз Сүлейменова, Ғалымжан Елеуов, Даулет Тұрлыханов және Гүлдара Нұрымова секілді депутаттар да осы мәселеге қатысты Үкімет басшысына бірнеше депутаттық сауал жолдап, «Amanat» партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте кеңінен талқылаған болатын.

Олардың айтуынша, вейп пен электронды темекінің ұлт саулығына келтіретін залалы кәдімгі темекіден асып түспесе, кем  емес. Сондықтан оған болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін заңнамалық шаралармен қарсы тұратын уақыт жетті.  

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вейп және түрлі электронды темекілерді ұлт саулығына қауіп төндіретін кесел деп атап өтті. Ол электронды темекінің бәріне қолжетімді және оның зиянсыздығы туралы түрлі жарнаманың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы осы қауіпті үрдіспен күресу үшін жүйелі және шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Осыған байланысты біз денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрліктерінің, прокуратураның, «Атамекен» ҰКП және басқа да мекемелердің өкілдерімен жан жақты талқыладық, – дейді Жұлдыз Сүлейменова.

«Amanat» партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршын вейп және электронды шылымдардың сұйықтығына, оларды тауар ретінде енгізуге және оның айналымына толық тыйым салу туралы ұсынысты Үкіметке жолдады.

Осы мәселеге қатысты пікір білдірген оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан вейп шегуді жастар арасында белең алған өзекті мәселелердің қатарына қосуға болатынын айтты.

Өкінішке қарай, бүгінде жастар түрлі жаман әдетке бой алдыруға бейім. Нашақорлық, ойын құмарлық, буллинг және кибербуллингпен қатар вейпинг те үлкен проблемаға айналды. Қазақстан тұтынушылар лигасының ақпараты бойынша, Астана мен Алматыда соңғы 6 айда вейп сатылымы 372%-ға өсті. Елімізде вейп сататын 6 мыңнан астам сауда нүктесі бар. Оларға толықтай тыйым салуды Мәжіліс депутаттары мен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қолдады. Бұл жерде біз балаларымыздың болашағын басты орынға қойып отырмыз», – деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2018 жылы жүргізілген зерттеудің нәтижесіне сәйкес, 15 жастағы ұлдардың 14%-ы және қыздардың 6%-ы вейп шегіп көрген. Бұл зерттеуді 2022 жылы қайталаған кезде вейпті тұтыну көрсеткіші 3,6%-ға күрт өскені анықталды.

Айта кету керек, оқушылар арасындағы «Аналар кеңесінің» өкілі, қоғамдық кеңес мүшесі Баян Ахатай вейпке қарсы қозғалысты белсенді түрде көтеріп келеді.

Бірнеше жылдан бері жұмыла істеген жұмыстың нәтижесінде, Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясы Мәжіліс депутаттарының вейп және электронды шылымдардың сұйықтығына, оларды тауар ретінде енгізуге және  айналымына толық тыйым салу туралы нормасын қолдады. Аталған норма күзде Мәжіліске еніп, жұмыс жалғасатын болды. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вейпке тыйым салуды ұсынған еді.

Аталған мәселеге қатысты премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында денсаулық сақтау министрлігінің вейптерге тыйым салу ұстанымын толық қолдайтынын жеткізді.

Біз тіпті вапаларды қолданудың салдарын толық түсінбейміз. Егер біздің балалар тұтынатын болса, онда бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Сондықтан біз вейп айналымының өсуіне жол бермеу үшін барлық шараларға толық тыйым саламыз және қабылдаймыз», – дейді министр.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда вейптерге тыйым салу туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын екенін айтты.

Қазір тыйым жоқ. Тыйым салу туралы заң күшіне енгеннен кейін біз контрабанда болмас үшін барлық ресурстарды қосамыз, – деді Ерұлан Жамаубаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға