Жаңалықтар

Бейбітшілік болса, ел дамиды

Осыдан жиырма үш жыл бұрын Қазақ елi өз алдына егемендiк алып, тәуелсiз ел атанды.
17.03.2015 05:34 5974

Бейбітшілік болса, ел дамиды

Осыдан жиырма үш жыл бұрын Қазақ елi өз алдына егемендiк алып, тәуелсiз ел атанды. Ал, 1995 жылы жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың татулығын сақтау үшiн Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елiмiзде бiрегей қоғамдық институт — Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Содан берi жиырма жыл өттi. Осы уақыт аралығында сан ұлт бiрлiктi сақтап, мемлекетiмiзде әлеуметтiк, этникалық, дiнге бөлiнушiлiк орын алған жоқ.

Наиль Салимов, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi:

— Елбасымыз Қазақстанда тұратын ұлттардың келiсiмде тұруына әу бастан, яғни тәуелсiздiк алған жылдардан бастап басымдық берiп келедi. Тiптi, елiмiзде әр этностың құқығы барлық дәрежеде тең деп ҚР-ның Конституциясында көрсетiлген. Осы Ассамблея құрылған жылдардан бастап бiз бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығарып экономикамыз қарыштап дамып келедi. Тиiсiнше, елiмiзде жыл сана көркейе түсуде.

Бiзде әлi де этникалық ерешелiктердi зерттеген жөн болады. Сондықтан былтыр М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды. Онымен қоса ел көлемiнде алғаш рет өңiрiмiздiң арнайы жалпыға орта бiлiм беретiн мектептерде «Бейбiтшiлiк және келiсiм» кабинетерi ашылып жатыр. Бiздiң облыс Ресейдiң 3 өңiрiмен шекаралас. Сондықтан көршiлес ел қазiр Н.Назарбаевтың Қазақсатандағы қоғамдық келiсiмнiң моделiн игерiп жатыр.

1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында 6 этномәдени орталық болатын. Қазiр олардың саны жиырма үшке жеттi. Бұдан өзге аудандарда 106 этнобiрлестiк жұмыс iстейдi. Бертiн келе өңiрде қоғамдық келiсiм ұйымы, ақсақалдар мен аналар кеңесi пайда болды. Аталмыш ұйымдар да өз алдына Қазақстандағы қоғамдық келiсiмдi нығайтуда өз үлестерiн қосып келедi.

Биыл Ассамблеяның 20 жылдығына орай елiмiзде, соның iшiнде терiскейде түрлi шаралар өтiп жатыр. Солардың бiрқатары «Бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң жол картасы», «20 iзгi iс» деп аталады.

Автор: Берик Касен

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға