15 қазанда Алматыда BE WOMAN 2026 халықаралық форумы өтеді.
15 қазанда Алматы қаласындағы Республика сарайында BE WOMAN 2026 халықаралық әйелдер форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы – «Этикалық күш» (Ethical Power). Іс-шараға Қазақстан мен шетелден танымал көшбасшылар, кәсіпкерлер, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Be Woman Asia танымал әйелдердің жүріп өткен жолы туралы білуге, оларға сұрақ қоюға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Биыл форумға 20 елден 100-ден астам спикер қатысады. Биыл Ранди Цукерберг, Джо Мэлоун, Кьяра Корацца, Тити Акинсанми, Шармин Обейд-Чиной және Натали Нахай бар. Қазақстандық спикерлер қатарында Надя Жексембаева, Анар Рахимбаева, Марина Таргакова, Данна Карагусова, Әлия Әшім, Әсел Амангелді, Динара Болат, Перизат Мырзахмет және Ләззат Қалтаева аталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бағдарламада жасанды кәсіп, ғылым, технология, мәдениет пен қоғам туралы сол салалардың ішінде жүрген адамдар сөйлейді. Жиында жасанды интеллект, әйелдердің экономикадағы рөлі, кәсіпкерлік, медиа, білім және әлеуметтік өзгерістерге арналған талқылау жоспарланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл форум қашан пайда болды?
Be Woman форумының идея авторы – Жанна Кан. Ол әйелдер танысып, тәжірибе алмасып, ортақ бастамаларға жол аша алатын алаң құруды көздейді. Алғашқы Be Woman форумы 2024 жылы өтті. Биыл форум үшінші жыл қатарынан жалғасып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2024 жылы Алматыдағы іс-шараға Мэй Маск, Татьяна Ким, Үміт Шаяхметова сынды танымал әйелдер қатысты.