Видеодан кадр

Баянауылда екі турист әйел құтқарылды

20.06.2025 00:18 5687

Баянауыл құтқарушылары туристерге көмекке келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Құтқарушыларға ер адам хабарласып көмек сұраған. Оның айтуынша,  әйелі мен енесі - Қарағанды тұрғындары Жасыбай көлінің оңтүстік жағалауында жаяу серуендеген. Серуендеу барысында демалушылар көлдің қарама-қарсы жағына кетіп қалған. Ауа-райының күрт нашарлап, жел мен жаңбырдың басталуына байланысты олар өздігінен орала алмай, көмек сұраған.

Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен шыққан. Қызметкерлер екі турист әйелді аман - есен жағаға жеткізді. Демалушыларға медициналық көмек қажет болмады. 

Осы ретте ТЖМ демалушыларға ауа райы жағдайларын, жүріп-тұру маршруттарын ескеріп және табиғатта болған кезде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады.