Жаңалықтар

Батырлар, ақмолалық ардагерлер!

Соғысқа қатысқан ақмолалықтардан 47 Кеңес Одағының Батыры атағын алса, «Даңқ» орденнің үш дәрежесімен 7 жауынгер сыйланған.
07.04.2015 04:22 13955

Соғысқа қатысқан ақмолалықтардан 47 Кеңес  Одағының Батыры атағын алса, «Даңқ» орденнің үш дәрежесімен 7 жауынгер сыйланған.   Бүгінгі үшінші топтамаға соғыста ерен ерлік көрсетседе, ерлігі еленбей қалған батырлар және жазушы -  жерлестеріміздің бір, екеуі жайлы жазып отырмыз.

Батырлар, ақмолалық ардагерлер!

 Қалайша батыр демейсің ....

Соғыстың отты жылдары, майдан даласында көзсіз ерлік көрсетіп жеті бірдей жауынгерлік / Төрт «Қызыл жұлдыз», екі «Ұлы отан соғысы» және «Алексан др Невский/  орден, сегіз медальмен марапатталған қазақ ұланы Қабдолла Көшербаев жайлы біреу білсе, біреу білмес. Мұндай сансыз орден, медаль мен марапатталған басқа ұлт өкілдері бар болар, бар болса, көп емес. Мүмкін жоқта шығар.   Сталиннің кезінде орыс, не грузин болса, қалай болар еді. Бәлкім Кеңес одағының батыры... Кім білсін.  Қабдолла батыр жайлы аз мағұлмат.

Қабдолла Көшербаев  

Қабдолла Көшербаев 1916 жылы қазіргі Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы, Үлгілі ауылында туған. Қатаркөл ауылындағы арнаулы оқу орнын бітіріп бухгалтер болады. 1937 жылы Қызыл Армияға алынып, Қиыр шығыста әсери міндетін өтейді. Қиыр шығыста Жапон милитаристерінің Кеңес Одағына жасаған 1939 жылғы  арандату қақтығысына  қатысады. Қақтығыс өршімей, екі жақ бейбіт келісімге келген соң, әскери борышын өтеу мерзімі біткен Қабдолла елге қайтады. Қуаныш ұзаққа бармай ұлы Отан соғысы басталып, Қабдолла қайта әскерге алынады. Ол Алматы қаласында әскерге жаңа қабылданғандарға әскери оқу үйрету, дайындау жұмысын атқарып жүріп, кіші лейтанат шенінде, өзіде соғысқа аттанады.

Қабдолла қиыр шығыста соғыс көргендіктен,  от ортасында ысылған коман дир ретінде басқалардан, айла амалы өзгеше болады. Ол алғашқы ордені – екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденін 1942 жылы 14 қыркүйекте бір топ жауынгерлерімен жау блиндажына басып кіріп, бір өзі қол айқаста, үш  жау солдаты және пулеметі жойғаны үшін алады. Жаралансада саптан кетпей взводын шашаусыз басқарады. Қабдолла бұл кезде 112 – Рыльский атқыштар дивизиясының 385 -  атқыштар полкінің 5 – ротасының барлау взводның командирі  болатын. Бұдан соң Қабдолла қатарынан үш рет, «Қызыл жұлдыз» орденін алған екен. Бірінші «Қызыл жұлдыз» орденін 1943 жылы 100- ші арнаулы атқыштар бригадасының екінші барлау батльонның, барлау взводының командирі кезінде, Молодот елді мекенні азат ету үшін, мұз үстіндегі шайқаста, взводын шеберлікпен басқарғаны, 10 жауды жайратқан ерлігі үшін кеудесіне тағады. 

 Екінші «Қызыл жұлдыз» орденін алғанда Қабдолла батыр 48 -  армияның 73- Новозыбков атқыштар дивизиясының 392- атқыштар полкінде рота командирі екен. Ол Подлеск облысы Паричевка ауданының Сосновка деревнясы маңын да,  күші әлдеқайда артық жаудың бес реткі шабуылын тойтарып, алтыншы рет, алға ұмтылған жауға тойтарыс беру үшін, ротасын жан қиарлықпен қарсы шабуылға көтеріп, негізгі күш келгенше маңызды тас жолды  қорғап қалады. Ғабаң батыр бұдан соң Прибалтика майданындағы 1- екпінді армияның 374 - Любанск атқыштар дивизиясының 1242 – атқыштар полкнің рота командирі болып, ауысады. Ол 1944 жылы қазан айында Латвияның Межвери, Дайвари, Анна елді мекендерді азат етуге қатысады. Рига қаласын азат етуде көше ұрыстарын жүргізуде асқан шеберлік танытады. Осы ерліктері үшін, үшінші мәрте «Қызыл жұлдыз» орденімен силанады.

Бұдан соң Қабдолла 1944 жылы 17 – наурызында   «Александар Невский» орденімен марапатталады. Бұл орден жоғарғы шенді офицерлерге берілетін марапат екені белгілі. Бірақ төменгі шендерілерден, одақ бойынша екі  офицер силанса, соның бірі, қазақ батыры Қабдолла екен. 1944 жылдың 21 ақпанын да сұрапыл шайқас болады. Осы шайқаста Ғабаң бастаған рота «Уралап» аттандап, жау шебін басып алып, бекіністегі  жаудың офицер, солдаттары бар 150 адамы және екі танкісін құртып, елден ерекше ерлік көрсетеді. Осылай, жас қазақ офицерінің ерлігімен, ақыл, амалын  мойындап, жоғарғы «Александр Невский» ордені табысталады.

 Екінші реткі,  екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденін 1945 жылы 6 – ақ панында Латвияның Кромеши деревнясы маңындағы жойқын ұрыстағы ерлігі үшін алады. Бұл шайқаста Ғабаң батыр жаудың екі ДЗОТ – ын жойып, ротасын шабулға көтеріп, негізгі күшке жол ашып,  аз шығынмен, қарамағын дағы солдаттарын аман сақтап көзсіз ерлік көрсетеді.  Ұлы отан соғысы аяқталсада, Қабдолла Көшербаев әскерден босамайды. Ол Түркістан әскери округінде қызмет жасап жүргенде Германияның Кенисберг қаласына қызметке шақырылады. Сол кездегі заманың қиын кездері мен саясаттың кері әсерлерінен болған, келеңсіз оқиғаларды шешу, оқыс жағдайға дайын болуды пысықтауда, асқан шеберлікпен, батылдықты ұштастыра білген озат командир ретінде төртінші мәрте  «Қызыл жұлдыз» орденімен силанады.  Байқап қарасақ Қабдолла Көшербаев әскери мамандықтың хас шебері, соғыс өнерінің майталманы екенін көреміз. Осыған сай неге «Қызыл жұлдыз» орденімен шектеле берген депте, таң қаласың. Ал, «Ерлігі үшін» медалі  бастаған 8 медальдің жайы бір төбе.  Ғабаң батыр 1950 жылы жүрек тұсында қалған снарьяд жарықшағын алдырғаннан кейінде, әскери қызметін жалғастыра береді. Тек, 1956 жылы ден саулығы сыр беріп, әскери қызмет тен босайды. Әскерден соң туған жері Еңбекшілдер аудандық ДОСААФ комит етінің төрағасы қызметін аброймен атқарып жүріп, небәрі 51 жасында соғыста алған ауыр жарақтының кесірінен қаза болады. Ол жастар арасында әскери – патриоттық тәрбиені жақсы жолға қойғаны үшін ДОСААФ Орталық Комитетінің төрағасы, армия генералы, Кеңес Одағының екі реткі батыры Д.Лелюшенконың алғыс хаты және Қ. Көшербаевтің өз аты жазылған ТТ пис толетімен силанады. Қабдолла Көшербаевтың атына  2012 жылы Еңбекшіл дер ауданының орталығынан көше беріледі.  Ал, біз айтсақ Қабдолла Көшер баевқа бір көшенің атын беру аздық етеді. Мектепке немесе өзі қызмет жас аған  ұйымға, атын беріп ескерткіш тақта орнатса артық етпейді. Негізгі айт пағымыз бұл емес. Қабдолла Көшербаевтің жауынгерлік өмірін толық зерт теп,Қазақстан Республикасының  «Халық қаһарманы» атағын беруді ойлас тырса  жөн болатын сияқты.

«Халық қаһарманына» лайық Көкше қызы

Мәдина Ысқақова 1924 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Бірлестік ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы 17 жасында өз еркімен майданға аттанады. 

Мадина Ысқақова

Соғысқа кірерден бұрын Кемерова қаласындағы  авиа ция мектебінде оқиды. Мәдина үлкен ағасы Әбілқасымның жолын қуып ұшқыш болуға талпынады. Бірақ оған үшқыш емес, ұшақ механигі болу бұйырады. Авиация мектебін үздік бітіріп 240 – жойғыш авиация полкіне келеді. Мадина біліктілігінің арқасында  Кеңес Одағының Батыры,  эскадриль командирі атақты ұшқыш Иван Кожедубтің жеке механигі болып тағайын далады. Мәдина апамыздың ұқыпты, білімділігі, жігерлілігі атақты ұшқыш тың қасында шыңдалады. Кейін 240 -  полк 1944 жылдың 8 шілдесінде 178 -гвардиялық жойғыш авиация полк болып қайта жасақталады. Мадина соғыстың соңына дейін осы полкте И.Кожедубтың ұшағын баптайды. Осы мерзімде И. Кожедуб аспанға 330 рет көтеріліп, жаудың 62 ұшағын жойып, жау шебіне атойлап, ерен ерлік көрсеткені үшін, үш мәрте  Кеңес Одағының батыры атанады. Осындай нәтиже көрсеткен ұшқыштың, ұшағын баптаған Мадинаның ерлігімен, ептілігі, білік, білімі еленбей қалғаны өкінішті. Соғыстан соң Мадина ағасы Әбілқасым екеуі Германияның Кенисберг қала сында қызмет істеп тұрып, 1947 жылы елге қайтады. Бейбіт күндері әр салада жауапты қызмет атқарады. Ерлігі еленбеген қазақтың батыр қызы 1985 жылы өмірден озады.  «Ерлігі үшін» медалі, «Құрмет белгісі» орденімен силанған. Мадина Ысқақованың ерлігін жыр етіп ақын Е.Ибраһим «Қыз бен аспан» атты көлемді өлең арнаса, жазушы Е. Мырзахметов «Батыр самолеті нің бапкері» деген деректі мақала жазып, батыр қызды елге танытады. Мадина жайлы басқа авторлардың жазғаны жаза берсе жетерлік. Жеңістің 68 жылдығы қар саңында «Қазақстан» ұлттық теле арнасы және облыстық «Арқа ажары» газеті  Мадина жайлы хабар дайындап, батыр қызға «Халық қаһарманы» атағын бергізу жайлы  пікір білдіреді.  Осы пікірлерді көпшілік қолдап «Арқа ажары» газетінің редакциясы арқылы ұсыныстарын жоғарғы билік орындарына жолдайды.   Бірақ, нәтижесі әзірге белгісіз күйде екен.  Халықтың ұсынысы жерде қалмай қазақтың майдангер батыр қызы Мадина Ысқақоваға Жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесіне орай Қазақстан Республикасының «Халық қаҺарманы» атағы беріліп қалар деген үміт Көкшеліктердің көкейінде тұр.  

Майдангер жазушы – журналистер.

Әлемге танылған жазушы.

«Көшпенділер» триологиясымен әлемге машһүр болған, мемлекеттік силықтың иегері І.Есенберлин Ұлы отан соғысына қатысып, жеңісті жақындатқан батырлардың бірі.

І.Есенберлин 1915 жылы қаңтардың 10 күні Ақмола облысының Атбасар ауданы орталығы Атбасар қаласында дүниеге келіпті. Ол жастайынан жетімдіктің дәмін татып, 9 жасынан, інісі Раунақпен бірге балалар үйінде тәрбиеленеді. 1924 – 1926 жылдары қазақ мектебінде білім алған.

І.Есенберлин

Алматыдағы Қазақ тау кен – металлургиялық иниститутын бітірген, инженер болсада, дарын, таланты шыңдалып, белгілі жазушы болғаны мәлім. І.Есенберлин 1940 жылы әскерге алынып, Рига қаласындағы 270 - артеллерия полк корпусында курсант болады. Әскери білімін жетілдіріп, кіші саяси жетекші дәрежесін алады. Ол соғыстың алғашқы күндерінен бастап, өзі қызметке келген 84 – мотоатқыштар дивизиясы 46 – танк полкының батериясында саяси жетекші болып, соғысқа кіреді. Бұл дивизия жойқын соғыс басталғанда алқашқы болып жауға, қарсы тұрған әскери  құрамалар дың бірі болыпты. І. Есенберлин 1942 жылы Старый Русь түбіндегі сұрапыл шайқаста аяғынан ауыр жараланады.  Госпиталға жатып, жарақаты жазылғанмен, әскерге қайта алуға жарамайды. Себебі, жараланған оң аяғы, сол аяғынан қысқа болып қалады. Содан, әскери мүгедектіктің 2 тобына жіберіліп, елге қайтады. І.Есенберлин КСРО – ның жоғарғы кеңесінің жарлығымен 1942 жылы 2 желтоқсанда «Ленинградты қорғағаны үшін», 1945 жылы 16 қарашада «Жауынгерлік еңбегі үшін»   медальмен силанған.  І.Есенберлин 1937 жылы атылып кеткен Әділет халық комиссары Хамза Жүсіпбектің қызына үйленіп, қайын енесін АЛЖИР –ден босатуға көмектес кені үшін НКВД – құрығына ілінеді. 1949 жылы 10 жылға сотталып, жазасын Қарақұм каналының құрылысында өткереді.

1963 жылығы «Қаһар», 1971 жылғы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдары ХҮ – ХІХ ғасыр ортасына дейінгі қазақ тарихы баяндалғанына сай  «Көшпенділер» триологиясы болып біріктіріледі.  «Көшпенділер» триология сы әлемнің 30 тіліне аударылып, 50 рет басылады. 2005 жылғы дерек бойын ша дүние жүзіне 3 млн. данамен таралған.  Өмірінің соңында 1982 -1983 жыл дары «Алтын орда» триологиясын жазды. 1968 жыл «Айқас» романы үшін Мемлекеттік силық алады. «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі» ордені және соғыстағы ерлігі үшін жоғарыда аталған екі медаль мен  силанады.

Барлаушы-журналист

Рақымжан Сансызбайұлы 1920 жылы 5 мамырда қазіргі Ақмола облысы Атбасар ауданы № 11 ауылда дүниеге келген. Ата, анадан ерте айрылған Рахымжан әуелі нағашыларының, кейіннен бұрынғы Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының Қазгородок ауылындағы балалар үйінде, одан соң Қызыл ту ауданының Кішкенекөл ауылдық мектебінде тәрбиеленеді.

Рахымжан Сансызбайұлы

1938 – 1941 жылға дейін «Әдебиет және өнер» көркем – әдебиет журналының редакциясында қызмет жасайды. Соғыс басталғанда алғашқылардың қатарында соғысқа аттанады. Ол 1942 жылы жау  қоршауында қалған  Ленинград қаласындағы қазақ әскерлерінің рухын көтеруге арналған, қазақ тіліндегі «Отанды қорғау» газеті ашылғанда, газеттің алғашқы тілшілерінің бірі болады. Бұл қызметті 1944 жылға дейін атқарады. Рақымжан журналист болумен қатар атақты барлаушы болған. Барлауда жүріп бірнеше мәрте тіл әкеліп, жау офицерін қолға түсірген ерлігі жайлы  әріптестері аға лейтанант А. Сыздықбеков пен кіші лейтанант Б. Жұмағалиевтер көптеген мақалалар жазады.  1944 жылдың аяғынан, Рақымжанның барлаушылық қарым қаблеті нің жоғарылығы ескеріліп, мемлекеттік  «Смерш»  атты құпия орында қызмет атқарады. Ол 1943 жылдан бастап өзінің шығармаларын альбом жасау арқы лы сақтап келген. Соғыстан соң барлаушы – журналист, ақын Рақымжан  туған елі Көкшетауға келіп, «Көкшетау правдасы», «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет атқарады. Жазушы –ақын, дарын иесі Р. Сансызбайұлы 1965 жылы өмірден өтеді.  Ол «Қызыл жұлдыз», «Қызыл ту» ордені және майдандағы ерлігі және бейбіт өмірдегі жемісті еңбегі үшін көптеген медальдармен силанған. Жазушының ұрпақтары шығармаларын жинақтап «Бес оқ» атты кітап шығарған.


Дайындаған.  Дахан Шөкширұлы Жәмші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға