Жаңалықтар

«Басыңа келсін деп қарғаймын». Бишімбаев Байжановты қалай қорқытқан

«Басыңа келсін деп қарғаймын». Бишімбаев Байжановты қалай қорқытқан
Фото: Видеодан кадр 11.04.2024 16:44 1019

Сотта қылмысты жасырды және хабарламады деп айыпталған Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаев өзін қалай қорқытқанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор Бақытжан Байжановтан Қуандық Бишімбаев қалай қысым көрсеткенін сұрады.

Бишімбаев маған "жедел жәрдем қызметіне бірге қоңырау шалдық деп айт" деді. "Егер сен айтпасаң, мен сені қарғаймын. Балалаларыңның, өз басыңа келсін деп қарғаймын" деді, - дейді Бақытжан Байжанов.

Ал Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары бұл сөздің рас-өтірігін тексеру үшін жазылған аудиожазбаны тыңдап тексеруді ұсынып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға