Жаңалықтар

Баспанасын жалға беретіндер мүлік салығын төлейді

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті
Баспанасын жалға беретіндер мүлік салығын төлейді
Фото: inbusiness.kz 23.01.2023 20:42 881

Былтыр 21 желтоқсанда Салық кодексіне қаржылық жалдауға берілген мүлікке салық салу бойынша өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаржылық жалдауға берілген мүлікке мүлік салығын салу мәселесі реттелді.

Атап айтқанда, жалға беруші қаржылық жалдауға (қаржылық лизингке емес) берілген мүлік бойынша мүлік салығын төлеуші деп танылады.

Мұндай мүлік бойынша салық базасы ҚЕХС немесе бухгалтерлік есепке сәйкес айқындалған дебиторлық берешектің (ұзақмерзімді) орташа жылдық сомасы болып табылады.

Бұл норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға