Жаңалықтар

«Барыс» америкалық шабуылшысын қымыз және бауырсақпен күтіп алды

«Барыс» америкалық шабуылшысын қымыз және бауырсақпен күтіп алды
Фото: Шайба.кз 07.08.2023 17:00 1008

«Барыспен» келісімшартқа отырған америкалық Райли Барбер Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуежайда хоккейшіні қымыз және бауырсақпен күтіп алды.

Айта кетейік, 29 жастағы америкалық шабуылшымен бір жақты келісім 2023 жылғы 30 сәуірге дейін есептелген.

Оқи отырыңыз:

Барбер бұған дейін тек Солтүстік Америкада ойнаған. Райли АҚШ-тың жасөспірімдер және жастар құрамасында өнер көрсеткен.

2022 жылы спортшы ұлттық құрама сапында элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына қатысты.

Райли ҰХЛ-да 16 матч өткізіп, ал карьерасында 430 ойынға қатысқан.

Осы маусымда ол «Далластың» фарм-клубы «Техаста» өнер көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға