Жаңалықтар

«Балкон» фильмі есіңізде ме?!

1988 жылы көрерменге жол тартқан «Балкон» фильмі естеріңізде болар.
28.05.2015 10:53 8090

1988 жылы көрерменге жол тартқан «Балкон» фильмі естеріңізде болар. Жалпы «кәсіби актерлер театрда, шынайы адамдар фильмдерде рөл сомдау керек» деген сөз бар. Осы сөз Исмаил Игілманов сынды кино әлеміне жолдан қосылып, керемет образ ұсынған жандарға қаратылып айтылса керек.

«Балкон» фильмі есіңізде ме?!

Осы фильмнің операторы Әубәкір Сүлеевтың айтқаны бар еді...

«Бір күні маған «Балкон» фильмінің режиссері Қалықбек Салықов келді. Фильмнің сценариімен таныстырып, жоспарымен бөлісті. «Сенің жұмысың ұнайды, «Балкон» фильміне қатысуға қалай қарайсың?» деді. Фильмнің тақырыбы, жалпы сұлбасы маған өте қызықты, жаныма жақын болды. Картинаның сценариін бір деммен оқып шықтым. Дереу келісімімді бердім, бірақ Қалықбекке шығармашылық кедергі келтірмеуге шақырдым. Өйткені, кейбір режиссерлер бәрін өзі қалағандай жасағысы келеді, бірақ ондай менмендігі оператордың ойымен сәйкеспеуі мүмкін» – дейді Әубәкір Сүлеев.

«Балкон» фильмі есіңізде ме?!

«Балкон» фильмі есіңізде ме?!

"Фильмнің сценариі Олжас Сүлейменовтың шығармасының негізінде жазылған. Олжас Сүлейменов – сымбатты, сұңғақ бойлы, мінезді ақын. Сондықтан басты рөлде ойнайтын жігітке де осындай талаптар қойылған. Басты рөлдегі кейіпкер Айдарды Олжас Сүлейменовке қарап таңдаған. Таңдау Исмаил Игілмановқа түскен екен. Камерадан қорықпайтын, өзіне сенімді жігіт осы фильмге сұранып-ақ тұр екен" – деп еске алады оператор.

«Балкон» фильмі есіңізде ме?!

80 жылдардың басында «Қазақфильмді» басқарған Мұрат Әуезовке бұл фильм қатты ұнаған екен. Тіпті, Владимир Толоконников, Анатолий Равикович, Абдрашит Абдрахмановтан құралған актерлер құрамы да өте сәтті жасақталған. Ал, осы фильм туралы Исмаил Игілманов (Айдар) да өткенін сағынышпен есіне алады.

«Балкон» фильмі есіңізде ме?!

«Көпшілік менің «Балкон» фильмінде керемет ойнағанымды, басты рөлді тамаша алып шыққанымды айтады. Бұл мен үшін қызық. Өйткені, мен ешқандай актерлік шеберлік танытқан жоқпын. Ең бастысы басты рөлдегі Айдардан өзімді көрдім десем болады. Ең қиыны, бетімдегі ісікпен жылаған сәт. Соған қарамастан сол жағдайды барынша шынайы беруге тырыстым. Фильмнен үзіндіні «Кинопанорамадан» көрсеткенде біздің рота теледидар алдында отырған еді. Әскерде әлімжеттік танытып, үлкендік көрсететін жігіттер мені іздеп тауып, фильмге түскенімді айтып сүйінші сұрады. Өзіме деген құрметтің барын сездім» – дейді Исмаил Игілманов.

Исмаил Игілманов 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Фильмге түсуге шақырылғанда небәрі 18 жаста болған.

«Балкон» фильмі есіңізде ме?!

«Балкон» фильмі туралы анықтама:

Режиссері: Қалықбек Салықов
Сценарий авторы: Шахмардан Құсайынов
Оператор: Әубәкір Сүлеев
Басты рөлдерде: Исмаил Игілманов, Владимир Толоконников, Анатолий Равикович...
Бүкілодақтық «Дебют» кинофестивалінің арнайы жүлдесімен марапатталды (Мәскеу, 1990 жыл);
Орталық Азия республикалары кинофестивалінде «Фестивальдің ең үздік фильмі» деген жүлдесі мен дипломын жеңіп алды (Ашхабад, 1990 жыл);

Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға