Балаңызды спортқа тегін беруге болады: Алматыдағы мектептер мен құжаттар тізімі

Балаңызды спортқа тегін беруге болады: Алматыдағы мектептер мен құжаттар тізімі
Фото: AI көмегімен жасалды

Алматыда балалар қалалық спорт басқармасына қарасты спорт мектептерінде тегін жаттыға алады. Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар баласының қызығушылығы мен жасына қарай спорт түрін таңдап, тиісті мектепке құжат тапсыра алады.

Қандай құжаттар қажет?

Алдымен баланың жасы мен қызығушылығына сәйкес спорт түрін таңдап, сол бағыт бойынша жаттығу жүргізетін мектепті анықтау қажет. Қабылдау талаптары мен іріктеу мерзімін алдын ала таңдаған спорт мектебінен нақтылап алған жөн.

Одан кейін қажетті құжаттарды жинап, баламен бірге іріктеуге бару керек. Қабылдау кезінде баланың жасы, дене дайындығы және таңдаған спорт түріне бейімділігі ескеріледі.

Мамандандырылған спорт мектептеріне қабылдау іріктеу мен белгіленген нормативтерді тапсыру нәтижесі бойынша жүргізілуі мүмкін. Негізгі құжаттар тізімі:

  • спортпен шұғылдануға рұқсат беретін медициналық анықтама;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • баланың ЖСН-ы;
  • ата-анасының бірінің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • 3×4 көлеміндегі екі фотосурет;
  • 063/у және 026/у нысанындағы медициналық құжаттар;
  • спорттық разряды немесе жетістіктері болған жағдайда оны растайтын құжаттардың көшірмелері.

Қабылдау жасы, іріктеу талаптары мен қажетті құжаттар тізімі спорт түрі мен нақты мектепке байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан құжат тапсырмас бұрын барлық талапты таңдаған спорт мектебінен нақтылап алған дұрыс.

Фото: El.kz архиві
Фото: El.kz архиві

Алматыда қайда тегін жаттығуға болады?

Қалада олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептері мен кешенді спорт мектептері жұмыс істейді.

№1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі

Спорт түрлері: ауыр атлетика, байдарка және каноэде есу, грек-рим күресі, велоспорт, еркін күрес, жүзу, баскетбол, дзюдо, таэквондо, шахмат.

Мекенжайы: Медеу ауданы, Жетбаев көшесі, 43/4.
Телефон: 8 701 300 05 92.

№2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі

Спорт түрлері: жеңіл атлетика, бокс, таэквондо, грек-рим күресі, көгалдағы хоккей.

Мекенжайы: Брусиловский көшесі, 134А.
Телефон: 8 (727) 301-98-38.

№3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Спорт түрлері: шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, биатлон, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, сноуборд, фристайл, тау шаңғысы, шайбалы хоккей, керлинг.

Мекенжайы: Абай даңғылы, 44/3.
Телефон: 248-47-54.

№5 мамандандырылған кешенді балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі

Спорт түрлері: нысана көздеу, стендтік ату, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, жүзу, суға секіру, су добы, әртістік жүзу, садақ ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ.

Мекенжайы: Жас Қанат шағын ауданы, 24Б.
Телефон: +7 707 967 24 95.

№6 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі

Спорт түрлері: дзюдо, таэквондо, каратэ, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі.

Мекенжайы: Алатау ауданы, Зерделі шағын ауданы, 1/122.
Телефон: +7 707 001 08 01.

№7 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі

Спорт түрлері: дзюдо, WT таэквондо, үстел теннисі, бадминтон, классикалық волейбол, көркем гимнастика, баскетбол, бокс.

Мекенжайлары: Түрксіб ауданы, Рихард Зорге көшесі, 8А; Жетісу ауданы, Жайсан көшесі, 20/1.
Телефондар: +7 (727) 251-16-55, +7 (727) 351-86-95.

№8 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі

Спорт түрлері: семсерлесу, заманауи бессайыс, WT таэквондо, спорттық құзға өрмелеу, триатлон, спорттық би, шахмат.

Мекенжайы: Достық шағын ауданы, Сәдуақасов көшесі, 35, 1-корпус.
Телефон: 393-52-82.

№9 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі

Спорт түрлері: спорттық гимнастика, батутта секіру, спорттық акробатика, дзюдо, еркін күрес, брейкинг.

Мекенжайы: Әуезов ауданы, 1-шағын аудан, 20А.
Телефондар: 8 (727) 390-62-64, 8 (727) 390-62-63.

№10 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Спорт түрлері: бокс, WT таэквондо, WKF каратэ, жүзу, дзюдо, ауыр атлетика, семсерлесу.

Мекенжайы: Қазыбаев көшесі, 286/2.
Телефон: 8 (727) 220-36-56.

Фото: El.kz архиві
Фото: El.kz архиві

Алматыдағы спорт клубтары

Мүгедектігі бар адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы

Спорт түрлері: жүзу, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, шағын футбол, футбол, 5×5 футбол, пауэрлифтинг, армрестлинг, үстел теннисі, еркін күрес, грек-рим күресі, садақ ату, отырып ойнайтын волейбол, бадминтон, голбол, таэквондо, дзюдо, арбадағы би, арбадағы теннис, паравелоспорт, нысана көздеу, бочча.

Мекенжайы: Медеу ауданы, Мақатаев көшесі, 13.
Телефон: +7 (727) 397-57-55.

Ұлттық және ат спорты түрлері клубы

Спорт түрлері: қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, асық ату, құсбегілік, ат спорты, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, бәйге.

Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 29/3, Орталық стадион, №3 кіреберіс.
Телефон: +7 708 311 15 01.

Олимпиадалық емес және бұқаралық спорт түрлері клубы

Спорт түрлері: кикбоксинг, джиу-джитсу, ушу-саньда, годзюрю каратэ, киокушинкай каратэ, муай-тай, шинкёкушинкай каратэ, самбо, грэпплинг (AIGA), комбат джиу-джитсу, киокушин будокай каратэ, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, армрестлинг, унифайт, пенчак силат, эстетикалық топтық гимнастика, пауэрлифтинг, президенттік көпсайыс, спорттық туризм, спорттық бағдарлау, спортинг, аралас жекпе-жек (ММА), альпинизм, падел.

Мекенжайлары: Сәтбаев көшесі, 29/3, №3 кіреберіс; Айнабұлақ-2 шағын ауданы, 65/1, «Айнабұлақ» спорт кешені.
Телефон: +7 (727) 292-13-50.

Қабылдау тәртібі мен бос орындар туралы өзекті ақпаратты ата-аналар таңдаған спорт мектебіне немесе клубқа хабарласып нақтылай алады.

Оқи отырыңыз