Жаңалықтар

Баланы тез ұйықтатудың оңай тәсілдері

Ата-аналарға кеңес
Баланы тез ұйықтатудың оңай тәсілдері
15.10.2019 10:29 67063

75% ата-аналар туғаннан үш жасқа дейінгі сәбилердің жақсы ұйқысын қамтамасыз ете алмайды екен.

Өкінішке қарай, балалар бұл жаста ұзақ ұйықтай алмай, түнімен жиі оянып, ертемен тұрып, күндіз демалудан бас тартып жатады. Мұндай кезде ешқандай медициналық проблема іздеудің қажеті жоқ, себебі ол тікелей мінез-құлыққа байланысты. Кез келген ата-ана белгілі бір қағидаларды біліп, салт-жоралғыларға бағынып, ұйқы гигиенасын дұрыс ұстанса, ол мәселеден оңай шыға алады.

Табандылық танытпасаңыз, бала ұйықтамау үшін мың айла ойлап табады. Сонымен, мүндай қиындықтарды бастан өткеріп жүргендерге қандай кеңес беріледі?

Балаңыз өзі ұйықтауға үйренсін

Балаңыз жасына жетпей жатып-ақ, өзі тыныштана алатынына бой үйретсін. Ол үшін:

Бала шынымен де шаршағанда жатқызыңыз

Бала әбден қалжырағанының белгілері: есінеу, көзін уқалау, көзбе-көз байланыстан қашу, ойыншықтар мен ешбір сөзге мән бермеу. Бұл оны ұйықтатын дәл уақыт. Егер бүлдіршінді тағы кішкене «тоқтата» тұрса, ол шектен тыс еркелеп, басқаша мінез көрсетіп кетеді. Мұндайда оны ұйықтату аса қиынға соғатындықтан, алдымен сабырға шақырып алыңыз.

Егер баланың кешкі мезгілде күші мен энергиясы тасып тұрса, күн тәртібіне көз жүгіртіңіз. Яғни, сіз оны кешірек ұйықтатып жүрген боларсыз. Немесе ол күндіз екі сағаттан көп демалып қойды. Олар сол сияқты физикалық белсенділік аз болғанда ұйықтаудан бас тартып жатады.

Баланы кереуетте көбірек жалғыз қалдырыңыз

Әрбір бала ата-ананың ыстық махаббаты мен жылы қарым-қатынасына зәру екені белгілі, бірақ бұл оны әрдайым алақанда салып жүру керек деген сөз емес. Баланы кереуетте жалғыз ұйықтауға үйреткеніңіз өзіңізге жақсы. Ол бұлай ұйықтаудыың соншалық қорқынышты емес екеніне көз жеткізуі керек.

Баланың өзі тыныштануына мүмкіндік беріңіз

Кереуетке жатқызған сәтте бала шолжаңдап, қыңыр мінез танытып жатса, көмек қолын созуға асықпаңыз. Өзін-өзі тыныштандырып үйренгені абзал. Егер олай болмай жатса, оны қолыңызға алып, еркінсуін күтіңіз. Сосын қайта төсегіне жатқыза қойыңыз. Ол анасының қолында емес, кереуетте ұйықтайтынын түсінуі керек.

Айтпақшы, бала ұйқыға кетерде, кереуеттен алысырақ кетуге тырысыңыз. Алдымен, бала сізді көре алатын жерде қалыңыз. Себебі, ол сіздің сонда бар екеніңізді біліп, өзін қауіпсіздікте сезінеді.

Белгілі бір тәртіппен жүріңіз

Балалар тәртіпті ұнатады: ол тұрақтылық пен қауіпсіздік әкеледі, өмірді жеңілдетіп, артық эмоциялардан арылтады. Ондай шарттарға бүлдіршіндердің өздері де қызығушылықпен ден қояды. Алайда, үлкендер сол тәртіпке енген қағидаларды өзгертуге құмар не ұмытып кетіп жатады. Олай жасауға мүлде болмайды! Егер тәртіп бұзылса, бала стресске түсіп, оның мән-мағынасын түсінуден қалады.

Ұйқыға дайындау салты балаға өте жақсы әсер етеді. Міндетті түрде ондай әрекеттерді күн сайын қайталап отыруға тырысыңыз. Оған суға түсіру, тісін жуғызу, қайырлы түн тілеу мен ертегі айту т.б жатуы мүмкін.

Төмендегі кеңестер ұйқыға дайындауға жақсы көмек болмақ:

- Алдымен, үйді түнгі режімге қою қажет. Теледидардағы не колонкадағы дыбысты төмендетіңіз. Жарықты сөндіріп, үстел лампасын не қабырға шамын пайдаланыңыз.

- Ұйқыға дайындалатын уақытты бекітіп, күн де сол мезгілде жатқызыңыз. Егер 20:00 деп келістіңіз бе, әлемде не болып жатса да, сол 20:00-ді естен шығармау керек.

- Әрбір іс-әрекетке арнайы уақыт бөліңіз, мәселен тісті тазалауға 5 минут, ертегі оқуға 10-15 минут. Одан артық созып жібермеу керек. Баланың жасы кіші болса, іс-әрекеттер де қысқа болсын.

Сол сияқты кей балалар жуынған соң жақсы ұйықтауы мүмкін, ал кейбіріне ол ұнамайды. Балаңыз қай түріне жататын анықтап алыңыз.

Бала қарсылық білдіріп жатса, оның ығына жығыла көрмеңіз.

Монотонды дауыспен ертегі оқыңыз

Ертегіні рөлге кірмей, монотонды дауыспен айтып беруге тырысыңыз. Солай айту арқылы баланы трансқа кіргізесіз. Дем алысыңыз да бір сарынды болуы керек. Дем шығару кезінде сөйлеңіз, дем алу үшін аздап кідіріңіз. Ертегіңіз ұйқы туралы болса тіптен жақсы. Олай болмаса, соңын ұйқымен бітіріп, дем алу туралы сөздер қосып аяқтаңыз да, есінеңіз.

Тыныс алуға ыңғайлы техниканы қолданыңыз

Баланың тыныс алуы терең әрі жай болмаса, оны ұйықтатуға асықпаңыз. Мұндайда баланың дем алысын баяулатып, өзін еркін сезінуге жағдай жасауыңыз қажет.

Ол үшін баланы кереуетке жатқызып, денесін қолыңызбен ұстап, оның тыныс алуын өзіңіздікімен үйлескенін қадағалаңыз. Баламен бір ырғақпен тыныс алыңыз да, жаймендеп қарқынын түсіріп, тереңірек ауа жұтыңыз. Ол сіздің байсалды тыныс алып жатқаныңызды байқап, сізге еріп, ұйқыға дайындала бастайды.  

Ұйқыға жақсы жағдай жасалуы керек

Бөлме тым жарық, тым ыстық және суық болмауы керек. Дұрысы, +20-22 градус. Жастық пен жаймалардың денеге жағымды боғанын қадалғаңыз. Маса және басқа да шыбын-шіркейлердің көзін жойыңыз. Егер ұлыңыз не қызыңыз қараңғылықтан қорықса, үстел лампасы мен түнгі режімдегі жарықты қосуға болады.

Оң ассоциациялық байланыс қалыптастырыңыз

Қиялыңызды қосып, жатын бөлмені әрлеп, баланың ұйықтауына көмектесетін ойыншықтар алыңыз. Егер сәбиіңіз жақында қорқынышты түстерден шошып оянса, жалғыз жатуға қорықса, ондай жаман түстерді аулайтын батыр жайында ертегі ойлап шығарыңыз. Тек оны «қорқақ» деп мазақтап, үстінен күліп жүрмеңіз.

Гаджеттерді сөндіріңіз

Циркадты ырғақты бұзатын экраннан шығатын сәулелі көк түсті барлығымыз жақсы білеміз. Ал мұндай сәуле балалар жүйке жүйесін қатты тітіркендіреді. Сол үшін түнгі уақытта бүлдіршіннің қолына ешқандай гаджет ұстатпау керек.

Егер сіз балаңыздың дұрыс ұйықтауын қамтамасыз ете алмай жүрген болсаңыз, кәсіби көмекке жүгініңіз. Себебі үш жасқа дейін балалар миының 80 % дамитын болғандықтан, ұйқының қанбауы оның дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Есейгенде конгинтивті, эмоционалды, физикалық кемшіліктер орын алмасын десеңіз, сәбиіңізді жақсы ұйықтауына жағдай жасаңыз.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға