Балаларды қорғау комитеті саунаға жіберілген оқушыларға қатысты мән-жайды айтты
Фото: facebook.com/Инка Рокеровна
Фото: facebook.com/Инка Рокеровна
17.07.2023 17:00
816
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматылық оқушылардың жазғы лагерьдің орнына саунаға жіберілгеніне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Комитет мәліметінше, министрлік пен білім басқармасының өкілдері жағдай болған жерде жұмыс істеп жатыр. Шұғыл түрде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қызметтерін көрсетуге мониторинг жүргізу мақсатында жедел мобильдік топ құрылды.
Мүдделі мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес балалардың орталықта қауіпсіз болуы, сондай-ақ конкурстық рәсімдерді өткізуге, шарттық міндеттемелерді қабылдауға және орындауға қатысты мәселелер бойынша хаттар жіберілді.
Бұл мәселе толық шешілгенге дейін комитет төрағасының жеке бақылауында болады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін қабылдаған болатын. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, Республикалық балалар-жасөспірімдер туризмі және демалыс қауымдастығының төрағасының (2023 жылғы 21 сәуір Алматы қаласында) қатысуымен ұйымдастырушылық мәселелер қаралған бірқатар кеңестер өткізді.
«Қазақстан-бақытты балалық мекені!» 2023 жылғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру үшін тұжырымдама жасалып өңірлерге іске асыруға жолданды. Тұжырымдамада жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар, жазғы каникулдарды күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау аптаның бағыты, аптаның тақырыбы берілген. Жазғы демалысты дұрыс ұйымдастыру үшін ауысымды дамыту логикасын, оның даму кезеңдерінің әрқайсысында өз мақсаты мен міндетінің болуын болжайтын педагогикалық тұжырымдамаға бағытталған «Жаздық жолдама» жобасын іске асыратын орталықтардың (лагерьлердің) бірыңғай 10 күндік бағдарламасы жасалды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде «Білім туралы» ҚРЗ 57-1-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚРЗ өзгерістер енгізіледі. Осы нормаларды қабылдау демалыс пен сауықтыруды ұйымдастырудың электрондық тізілімін құруды және демалыс пен сауықтыруды ұйымдастыру қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басты мақсатқа, сонымен қатар барлық шараларға қарамастан, орталық басшылығы тарапынан немқұрайлылық жіберілген. Білім басқармасының ақпараты бойынша бүгінгі күні қызмет көрсетушімен шартты бұзу мәселесі қаралуда. Жақын арада балалар демалуды жалғастыру үшін басқа орталықтарға жіберіледі, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға