Жаңалықтар

Балаларға қамқорлық – баршамызға ортақ іс

ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығы
23.05.2016 10:30 3171

Мен өз сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзімен басталғалы тұрмын. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.

Балаларға қамқорлық – баршамызға ортақ іс

2016 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуіне арналған «Нұрлы болашақ» атты бүкілқазақстандық акциясы басталады.

Бұл орайда ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығы қызметкерлерінің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары елімізге үлгі-өнеге десек қателеспейміз. Мысалы, жақында оқу орнының қызметкерлері Шымкент қаласының «Қазына» бөбекжай-балабақшасы бүлдіршіндерін облыс орталығының мәдени ошақтарымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырды.

 Балаларға қамқорлық – баршамызға ортақ іс

Ұжым бастығы, полиция полковнигі Б.Тойлыбаев: аталмыш іс-шара бүлдіршіндерге құаныш силау және ата-аналардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, балалардың қадағалаусыз қалуы мен зорлық-зомбылық жасауға, басқадай баланың қадір қасиетін қорлайтын жағдайлардың алдын алу, мемлекет балалардың денелік және психологиялық күш көрсетудің барлық түрлерінен қорғауын қамтамасыз ететіндігі - деп атап өтті.

Балалар біздің болашағымыз. Олар мемлекттің ұлттық құндылығы болып табылады. Экскурсия өз мәресіне жеткен кезде ата-аналар тарапынан осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұрса деген тілектерімен қоса, өз ризашылықтарын білдірді.


Жарқынбек Көбеев

ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға