Балабақша басшылығы ерекше қажеттілігі бар баланы қабылдаудан бас тартқан
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
15.02.2024 08:45
750
Түркістан облысы Отырар ауданында балабақша басшылығы ерекше қажеттілігі бар баланы қабылдаудан бас тартқан. Бүлдіршіннің анасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірдегі өкілінен көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Даун синдромына шалдыққан баланың анасының айтуынша, ұлын балабақшаның инклюзивті тобына қабылдамай жатыр. Мектепке дейінгі мекеме басшылығы инклюзивті топтың психикалық дамуы тежелген балаларға арналғанын алға тартып, одан бас тартқан.
Осы факті бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аймақтағы өкілі Отырар ауданының прокуратурасына ұсыныс жолдаған. Прокуратурамен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде бүлдіршін балабақшаға қабылданды.
Оқи отырыңыз:
- Атырауда балабақша тәрбиешіcі баланың басынан ұрған сәттің видеосы тарады
- Елімізде жартылай жекеменшік балабақшадағыларға жалақы дұрыс төленбеген
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға