Жаңалықтар

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды
Фото: Коллаж El.kz 28.11.2023 14:24 1183

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Балалар қауіпсіздігі туралы заңға енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. 

Динара Зәкиева балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға бас бостандығын шектеу деген жазаны алып тастауды ұсынғанын атап өтті.

Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа арнайы бап енгізуді ұсындық, яғни зорлық-зомбылыққа және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілікті көздеуді ұсындық. Себебі қазіргі таңда осындай әрекеттерге тек әкімшілік бұзушылық кодексте жауапкершілік көзделген. Екіншіден, балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты татуласу рәсімі алынып тастау, себебі осындай әрекеттерді жасаған адам келесіде ауыр қылмыстарды жасайды, - дейді ол.

Ал жыныстық зорлық көрсеткендер өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Үшіншіден, тергеу барысында балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға қатысты адамды бірден қамауға алуды ұсындық. Төртіншіден, балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға бас бостандығын шектеу деген жазаны алып тастауды ұсындық. Себебі осы жаза бойынша адам үйде отырады, ол нақты жаза емес деп ойлаймыз. Мысалы, Жібек жолы ауылында кішкентай қызды өлтірген адам осы жазамен үйде отырды. Сонымен қатар,  балаларға қарсы жасалған жыныстық сипатта тиісу бабын енгізуді ұсындық және балаларға қарсы жасалған жыныстық зорлық-зомбылыққа тек өмір бойы бас бостандығынан айыруды қалдыруды ұсындық, - деді ол.

Айта кетейік, Қонаев қаласында екі полиция қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға