Жаңалықтар

Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау

Бұқар – Баянауыл ауданында дүниеге келген, күллі қазаққа танымал жырау.
22.10.2015 07:12 9932

Бұқар – Баянауыл ауданында дүниеге келген, күллі қазаққа танымал жырау. Мұсылманша сауатын ашқан, философиялық, айшықты сөздер мен өткір афоризмдерді шебер қолдана білген шешен. Бірлік пен ерлікті, шыншылдықты жырлаған, біртұтас бейбіт халық болуға шақырып, әйел, жар туралы толғаулар айтқан.

Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау

Бұқар жырау атындағы облыстық  әдебиет және өнер музейі

Бұқар жырау атындағы облыстық  әдебиет және өнер музейінің негізі  1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.

Қазіргі кезде музейде 50 мың 379  экспонат бар. Оның ішінде 14 152 жуығы түпнүсқа болып есептеледі. Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзаков, Всеволод Иванов, Антон Сорокин, Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов,Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Зейін Шашкин,Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғулан, Рамазан Тоқтаров, Аманжол Шәмкенов, Қалмұқан Исабаев, Мүбәрак Жаманбалинов, Сәбит Дөнентаев т.б. ақын - жазушылардың, Жаяу Муса, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Жұмат Шанин, Қамар Қасымов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Қали Байжанов т.б. өнер адамдарының жеке заттары, жәдігерлері, қолжазбалары, өздері жасаған заттар музейдің баға жетпес құнды қазыналары.

Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау

 Қазақ әдебиетінің классигі,  жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен ағаштан жасаған жазу құралдары

Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау

Халықаралық сыйлықтың лауреаты, соғыс және еңбек ардагері, опера әншісі, киноактер, режиссер, жазушы, драматург, профессор Кәукен Кенжетаевтың қамшысы. Қайыстан өріліп жасалынған, ұзындығы 45 см, былғары тұмаршамен әшекейленген, сабы қоңырқай түсті, ағаштан жасалынған, ұзындығы 30см,сабына “От коллектива ПИИ, 25.02.1991” деген жазу жазылған.
Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау
Вс.Ивановтың ерекше әуестенген ісі- әртүрлі минералды тастар жинау болған. Музей қорында оның әр жерден жинаған біршама тастары сақталуда.
Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау
Шәкен Аймановтың “Алдар көсе”, “Найза тас”  сынды бірнеше фильмдерде киіп түскен бөрігі. Павлодар қаласында тұратын туыстары 2009 жылы музейге сыйлаған.  Дөңгеленіп тігілген, астары терімен, тысы барқытпен қапталған өте ескірген бөрік.
Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау
Қазақ ССР мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, қол өнер шебері Қамар Қасымовтың музыкалық аспаптарды әшекейлейтін ою-өрнектері

Музей қызметкерлерінің ыждаһатты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қошке Кеменгеров, Қадыр Тайшықов, Мұхтар Саматов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты қуғын –сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың өмірлерінен соны деректер, бағалы құжаттар табылды.

Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау  

1926 жылы Қызылордада басылған Ж.Аймауытовтың “Қартқожа” романының түпнұсқасы.
Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау
Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің музейге қолтаңбасымен қалдырған кітабы

Экспонаты мол, әрі әсерлі бұрыштарының бірі Всеволод Ивановтың кабинеті. Мұнда жазушының жеке заттары, кітап шкафы, жазу үстелі, орындығы, бес үзбелі қоршау-шымылдық т.б. бар.

Шәкен Аймановтың апатқа ұшырағанда үстінде болған тоны, Иса Байзақовтың ауруханада жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы т.б. заттары, Қамар Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап берген домбырасы, белгілі аспапкер Тоқбай Жұмағұловтың балалайкасы музейге келушілердің көзіне ыстық көрінетін, жүрекке ерекше әсер ететін мейлінше құнды жәдігерлер.

Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау

Халық композиторы, суырып салма ақын Иса Байзақовтың мыс шәйнегі мен жайпақ табақшасы

Музейдің орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған, айшықты оюлармен көмкерілген мейлінше көрікті ағаш үй. Оның іші шамамен бес жүз шаршы метрдей. Осыдан 267 шаршы метрі экспозицияға пайдаланылуда.

Музей қызметкерлері насихат жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді. Барлық  ғылыми қызметкерлер екі тілде бірдей дәріс оқып, экскурсияларды да екі тілде қатар өткізуде. Сонымен қатар, дарынды ақын-жазушыларымызды, өнер қайраткерлерін бұқараға кеңінен насихаттау мақсатымен олар туралы мерзімді баспасөзде танымдық мақалалар жазу, теле-радиохабарлар беру жүйелі түрде атқарылып келеді.

Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау

Ақын Иса Байзаковтың былғары әмияны. Музейге қызы Мақпуза Байзақова тапсырған
Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау
Үш бөліктен тұратын, қоңырқай түсті былғарымен әшекейленген, сия қаламының қондырғысы күмбез тәрізді, шеттеріне сары бояумен сызық тартылған. Сия сауыт балшықтан жасалған кішкентай құмыра.
Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау
Әлкей Марғұланның тақиясы және Ш.Уәлихановтың 150 жылдығына орай марапатталған медалі, былғары әмияны.
Бақ – ырысы қазақтың Бұқар жырау
Вс.Ивановтың өз қолынан шыққан шағын желкенді кеме.

Мағзия Қайырбекқызы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға