Жаңалықтар

БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды

Баланы іздестіру жұмыстарына ТЖД күштерімен қатар, жергілікті тұрғындар, еріктілер жұмылдырылды.
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
25.06.2022 23:27 1440

Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінде ағып кеткен 8 жасар бала үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды El.kz.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 25 маусым күні сағат 15:50-де баланың денесі Теректі ауданы Рыбцех пен Шалқар ауылдарының арасында көл жағалауынан табылған.

– Баланы іздестіру жұмыстарына ТЖД күштерімен қатар, жергілікті тұрғындар, еріктілер жұмылдырылды. Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Соның қорытындысына сәйкес өлімнің себебі анықталады, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға