B лигасына жолдама үшін күрес: ұлттық құрама Фарер аралдарына қарсы кездесу өткізеді

B лигасына жолдама үшін күрес: ұлттық құрама Фарер аралдарына қарсы кездесу өткізеді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бүгін, 6 қазанда футболдан ұлттық құрама «Астана-Аренада» Фарер аралдарына қарсы кездесу өткізеді. Ойын 19:00-де басталады.  

Ұлттық құрама жеңіске жете ала ма?

26 қыркүйекте Фарер аралдарында өткен алғашқы ойында жеңімпаз анықталмай, есеп тең аяқталған еді. Қазір Қазақстан құрамасы үш турдан кейін бір ұпаймен топта төртінші орында тұр. Словакия жеті ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейін Молдова – төрт, Фарер аралдары үш ұпаймен орналасқан.

Алдағы матчтардың нәтижесі Қазақстанның турнирдегі жағдайына тікелей әсер етеді. Егер ұлттық құрама Фарер аралдарын жеңсе, екінші орынға таласа алады. Ал жеңіліс немесе тең есеп жағдайды қиындатып, команданың В лигасына көтерілу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Қазақстан үшін топтағы бірінші орынның маңызы ерекше. Себебі тек топ жеңімпазы ғана келесі дивизионға тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған команда В дивизионында төменгі орын алған құрамамен қайта кездесу өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Қазір мұндай матчқа қатысуы мүмкін командалар қатарында Грузия, Израиль, Солтүстік Македония және Румыния бар. Ал Қазақстан топта үшінші орын алып жатса, жағдай қиындайды. Құрама келесі маусымды С дивизионында жалғастырады.

Неліктен В лигасына шығу маңызды?

Келесі маусымнан бастап Ұлттар лигасының форматы өзгереді. Қазіргі төрт дивизионның орнына үш дивизион қалады. С және D лигаларындағы командалар біріктіріліп, жаңа үшінші дивизионды құрайды. Сондықтан Қазақстан үшін В лигасына көтерілу – тек Ұлттар лигасындағы мәртебені жоғарылату емес, бұл Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне де әсер етеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Жаңа жүйе бойынша Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде командалар Ұлттар лигасындағы дивизионына қарай топтарға бөлінеді. А және В дивизионында өнер көрсететін құрамалар бір топқа, ал С дивизионындағы командалар екінші топқа біріктіріледі. Демек, Қазақстанның В лигасына шығуы алдағы халықаралық циклде деңгейі жоғары қарсыластармен ойнауға мүмкіндік береді.

Қазақстанға қандай нәтиже керек?

Теориялық тұрғыдан Қазақстанның жағдайды түзетуге мүмкіндігі бар. Алдағы үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетсе, ұлттық құрама екінші орынға ие болып, қосымша кездесу өткізуге  жолдама алады. Белгілі бір сценарий орындалған жағдайда, тіпті топта бірінші орынға шығуға мүмкіндік бар. Ол үшін, мысалы, Словакия қалған екі кездесуінде тең түсіп, Қазақстаннан жеңілуі қажет.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Ал екі жеңіс те екінші орынға жетуге жеткілікті болуы мүмкін. Ол үшін Қазақстан бүгін Фарер аралдарын жеңіп, кейін сырт алаңда Молдованы ұтуы керек. Сонымен қатар қарсыластар Словакиядан ұпай ала алмай, Фарер аралдарын жеңуі маңызды.

Айта кетейік, Фарер аралдарының да В лигасына шығу мүмкіндігі бар. Сондықтан Қазақстанды өз алаңында жеңсе, фарерліктер екінші орын үшін күресте айтарлықтай басымдыққа ие болады. 

Қазақстан – Фарер аралдары матчын қайдан көруге болады?

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы маңызды кездесуін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч трансляциясы бүгін сағат 18:50-де басталады. Ойынды Qazsport арнасының сайтынан да көруге болады.

Оқи отырыңыз