Азиада: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді
01.10.2023 20:46
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында су добынан қазақстандық қыздар құрамасы қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің ақпаратына сәйкес, су добынан Қазақстан командасы көрші Өзбекстанды 16:8 есебімен жеңген.
2010 жылдан бері су добынан Азия ойындарына қатысып келе жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы алдымен — күміс, 2014 жылы — қола, 2018 жылы — күміс медаль алған болатын.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяны 24:4, Сингапурды 12:6, Таиландты 13:8 есебімен тізе бүктіріп, Қытайға 8:17, Жапонияға 14:23 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы ұтып алды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

