Азиада-2026: байрақты бәсекеде таеквондодан ел намысын кімдер қорғайды?

Азиада-2026: байрақты бәсекеде таеквондодан ел намысын кімдер қорғайды?
Фото: ҰОК

Таеквондодан Аичи-Нагоядағы (Жапония) XX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.

Төрт жылда бір рет өтетін дода 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады. Азия ойындарындағы таеквондо жарыстары 1-3 қазан аралығында Нагоя қаласында өтеді.

Әйелдер:

49 келіге дейін: Рита Бакишева

57 келіге дейін: Тоғжан Қазынабек

67 келіден жоғары: Назым Махмұтова

Ерлер:

58 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес

68 келіге дейін: Самирхон Абабакиров

80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали

80 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан

Ханчжоуда қандай нәтиже тіркелді?

2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы барлығы 80 медаль жеңіп алды. Қоржынға 10 алтын, 22 күміс және 48 қола жүлде түсті. Қорытынды есепте Қазақстан құрамасы 11-орынға тұрақтады. 

Сол додада таэквондодан ұлттық құраманың спортшылары Дениз Жансель (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг) Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.

Оқи отырыңыз