Жаңалықтар

Ажар Ғиниятқызы жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды - Ақмарал Әлназарова

Ажар Ғиниятқызы жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды - Ақмарал Әлназарова
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.02.2024 15:10 1075

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сенат кулуарында экс-министр Ажар Ғиниятқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз Ажар Ғиниятпен әріптеспіз. Көп жыл бойы бірге жұмыс істеп келеміз. Жалпы әр кезеңде ведомство басшысына белгілі бір міндеттер жүктеледі. Ажар Ғиниятқызы елімізде коронавирус індеті өршіген кезде басшылыққа келді және оның барлық қызметі жедел басқаруға бағытталды, - деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің сөзінше, Ажар Ғиниятқызы денсаулық сақтау жүйесінде қалады.

Әрине, біз оның тәжірибесін қолданатын боламыз. Меніңше, ол денсаулық сақтау жүйесінде қалады. Ажар Ғиниятқызы кезінде оған жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. Қазір жүйенің алдында басқа міндеттер тұр. Мемлекет басшысы кеше бұл туралы нақты айтты. Сондықтан қазіргі министрлік аппаратымен, өңірлермен бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз деп ойлаймын, - деді ол.

Айта кетейік, Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып сайланғаннан кейін депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға