Жаңалықтар

Қазақстанда доллар мен рубльге сұраныс төмендеді

ҰБ мәліметінше, маусымда теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 425,41 – 470,24 теңге аралығында өзгерген.
Қазақстанда доллар мен рубльге сұраныс төмендеді
Фото: mgorod.kz 29.07.2022 01:36 1208

Ұлттық банк маусымда қаржы нарығындағы жағдай туралы айтты. Осылайша, қазақстандықтар арасында доллар мен рубльге деген сұраныс былтырғы маусыммен салыстырғанда үш еседен аса төмендеді, деп хабарлайды El.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰБ мәліметінше, маусымда теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 425,41 – 470,24 теңге аралығында өзгерген. Бұл ретте маусымда халық нетто-негізде 91,5 миллиард теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған. 

– Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 2,7 есе төмендеді (2022 жылғы мамырда – 249,7 миллирад теңге), 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (237,0 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 2,6 есе төмендеді", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға