Жаңалықтар

Қазақстан жастары Елбасы манифесін қолдайды

Манифе́ст ескі латын сөзінен тәржімалағанда (manifestum) шақыру мағынасын береді. Яғни, бір ел көлеміндегі, одан қалды халықаралық, тіпті ғаламдық ауқымдағы мәселелерді шешуге шақыру, әрі үндеу.
19.04.2016 13:27 7498

Манифе́ст ескі латын сөзінен тәржімалағанда (manifestum) шақыру мағынасын береді. Яғни, бір ел көлеміндегі, одан қалды халықаралық, тіпті ғаламдық ауқымдағы мәселелерді шешуге шақыру, әрі үндеу. 

Қазақстан жастары Елбасы манифесін қолдайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік жөніндегі самитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесі Қазақстан жастары арасында үлкен қолдауға ие болды. Бұл Президент бастамасының әлем үшін маңыздылығын айқын дәлелдейді. Осыған орай назарларыңызға «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің соғыссыз әлемге шақыру туралы үндеуін ұсынамыз.

Қазақстан жастары Елбасы манифесін қолдайды

"Біздің болашағымыз әлемдік қауымдастықтың қазіргі қадамдарына байланысты. Сондықтан бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесі жастарды ерекше толғандырады. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы саммитте тағы да көрегенділігін танытып, күллі халықты ядролық қарудан ада әлемде өмір сүруге шақырды. 

Түрлі елдерде болып жатқан қақтығыстар дүниежүзілік соғысқа ұласу қаупі жоғары. Сол себепті Қазақстан Республикасы Президентінің Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында жария етілген «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі дүние жүзіндегі барлық тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр. 

Елбасының: «ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Бұл – шетін мәселе! Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар», – деуі өте орынды. 

Біз, Қазақстан жастары, соғыс пен ядролық қаруға қол жеткізуі әбден мүмкін лаңкестердің әрекеттеріне де қарсымыз. Сондықтан Қазақстан Президентінің манифесін толық қолдай отырып, барша адамзатты, соның ішінде жастарды, соғыс атаулыға қарсы шығып, ортақ идея жолында топтасуға шақырамыз. 

Біз Елбасымыздың соғысты тоқтату, ядролық қаруды таратпау жөнінде бастама көтергеніне ерекше мақтанамыз. Бұл барша адамзат үшін үлгі деп білеміз.

Біздің Президентіміз - әлемдік өркениетті сақтап қалуды ойлайтын ұлы гуманист. Оның «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде көтерген тың идеялары – көп жылдық еңбегінің, қарқын айғағы. 

Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы да жанымызға ерекше жақын. Ұлт көшбасшысының барлық бастамалары халықтың ойынан шығып келеді. 

Қазақстан Президентінің ядролық соғысқа қарсы тұруға шақыруы барлық саясаткерлер тарапынан қолдау тапса, игі. Сонда ғана мақсатымызға жетеміз. Ең бастысы, әлемде бейбітшілік түпкілікті орнап, барша халық уайым-қайғысыз өмір сүріп, өркениет жолында алға қарай нық қадам баса бергені жөн.  

Біз «Нұр Отан» партиясы фракциясының жас депутаттары, еліміздің жастарын Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифестін қолдауға шақырамыз."


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға