Жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына үндеуі

Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына үндеуі
02.02.2015 06:02 3275

Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына үндеуі

Құрметті отандастар!

Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.
Жолдау «Қазақстан 2050» стратегиясында» айқындалған ерекше ауқымды міндеттерді іске асыру жолдарын ашып, дамыта түседі. Біз Жолдау тақырыбы мен «Қазақстан 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 
ХХ сессиясындағы сөзінің саяси бірізділігін көреміз.
Бұл заңдылық және біздің Ұлттық Көшбасшымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты және гүлденген Қазақстанды қалыптастыру, қуатты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерін пайдалана отырып берекелі қоғам құру жолындағы саяси бағытының бірізділігімен негізделеді.
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді. 
Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!
Бір болашақ – бұл Мәңгілік елдің біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуі!
Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. 
«Мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың базалық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. 
Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз.
Жолдауда Президент Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жоспары ену жөнінде айтты.
Осы мақсатта Мемлекет басшысы ІЖӨ-ні 4,5 есеге, жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларынан 60 мыңға дейін көбейтуді тапсырды. Сол кезде Қазақстан орта таптың үлесі көп елге айналады.
Ол үшін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұжымының стандарттарын енгізуді қолға алып, ішкі жалпыөнімнің жылсайынғы өсуін 4%-дан кем емес пайызға, инвестициялар көлемін жалпы ІЖӨ көлеміне шаққанда 18%-ден 30 %-ға дейін өсіруді қамтамасыз ету керек. 2050 жылы шикізаттық емес экспорт Қазақстан экспортының жалпы құрылымында 70%-ға жету керек. 
Ассамблея ауыл шаруашылығы, геобарлау, мұнай өңдеу салаларындағы инновациялық бастамаларды ерекше атап өтеді.
Ассамблея ғылым бағытын қаржыландыруды 3 %-ден кем емес пайызға өсіру, Мәдени саясатты дамыту мәселелерінің көтерілгенін қолдайды.
Басқа елдерде экономикалық дағдарыстың арқасында әлеуметтік көрсеткіштердің төмендеп бара жатқан кезеңінде Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың жаңа кезеңі болып отыр.
Біз, бұл міндеттердің нақты іске асырылатынына сенеміз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, Елбасының бұдан бұрын берген барлық тапсырмаларының Қазақстан халқы тарапынан толыққанды орындалғанын айта отырып, осының барлығы еліміздің жарасымды бірлігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдесі жоқ қоғамдық келісім моделі арқасында жеткен жетістік деп бағалайды.
Президенттің бүгінгі қойып отырған міндеттері елімізде жүргізіліп жатқан индустриалды-инновациялық даму, әлеуметтік реформалар, білім мен мәдениетті қолдау жұмыстарының тиімділігін айқындайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, еліміздің әр азаматына және баршамызға арналған, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын толығымен қолдайды. 
Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру еліміздің дамуындағы биік жеңістерге жеткізетініне біз сенімдіміз.
Қазақстан - 2050 Стратегиясын орындау – Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық парызы мен борышы деп білеміз.
Біз Қазақстан халқын Елбасы алдымызға қойған ұлы міндеттерді іске асыру, қасиетті қазақ жерінде парасатты қоғам құру мақсаттары айналасында ұйысуға, жұдырықтай жұмылуға шақырамыз!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға