Қазақстан құрамасы мен "Ақсу" клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг пайдаланғаны үшін үш жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды El.kz.
Футболшы Ұлттар лигасы аясында Молдовамен болған ойынға дейін допинг тест тапсырған. Сынама оң нәтиже көрсетті. Артынан спортшы Б тестін де тапсырған. Ол да оң нәтиже көрсеткен.
Осыдан кейін Әбікенге үш жылға ресми ойындарда өнер көрсетуге тыйым салынды.
Айта кетері, осымен Қазақстан құрамасының үшінші ойыншысы допингпен ұсталып, дисквалифицияға ұшырап отыр. 2019 жылы Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілсе, 2021 жылы Руслан Валиуллиннің сынамасы оң нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасының футболшысы допингпен ұсталды
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек