Жаңалықтар

Қазақстан – көпұлтты мемлекет

Ирандар, күрдтер, карел-финдер, литвалықтар...
Қазақстан – көпұлтты мемлекет
29.11.2021 11:27 29492

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Осы орайда еліміздегі ирандар, қарашайлар, күрдтер, карел-фин халықтарының әдебиеті, мәдениеті және этнобірлестіктері туралы кеңірек баяндағанды жөн көрдік.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет

   Ирандар

Ирандар – Иранның негізгі тұрғындарын құраушы халық. Этностың жалпы саны 3 миллионға жуық адам. Дағыстан тіл шоғырының дағыстан тобына жататын тілде сөйлейді. Жазуы кириллица негізінде. Дінге сенушілердің басым көпшілігі исламды ұстанады.Республиканың тәуелсіздік алуы Қазақстандағы иран қауымдастығына тарихи отанымен тығыз байланыс орнатуға, ана тілін оқытудың төңірегіне диаспораны біріктіруге, халықтық дәстүрлерді насихаттауға және ұлттық мәдениетті дамытуға мүмкіндік берді. Мәдени орталықтың ұйымдастырушылық бастамасы көп жағдайда Иран елшілігі тарапынан өріс алуда. Осылай диаспорамен жұмыс істеу жеңіл болды. Бұл мына жағдайға тікелей байланысты еді: ирандықтардың басым бөлігі қазақ тіліне жетік болғанымен, өздерінің ана тілін білмейтін елшілік кеңсе алуға көмектесті. Офис иран тілін оқыту курстарын ұйымдастыру үшін қажет болды. Курстарға елуге жуық адам тұрақты қатысып тұрады. Тіл үйренушілер үшін тағы да қосымша екі сынып ұйымдастырылды. Бұлармен қатар мемлекеттік тілді оқыту да жолға қойылған. 2006 жылы Шардараның оқытушысы Матра Магамеди Түркістан облысында ІІІ орын алды. 2008 жылы Бәйдібек ауданының мұғалімі Хабиба Аширафи бас жүлдені жеңіп алды. Ал 2009 жылы бас жүлде М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенті Эсмигуль Аширафиге бұйырды. Елшілікпен тығыз байланыста болу Иран ұлттық мәдени орталығына тарихи отанға сапар ұйымдастыруға мүмкіндік тудырып отыр. Сапар барысында Иран тарихымен, мәдениетімен жақын танысуға, туыстармен араласуға жол ашылады. Елшілік Қазақстанға хореографиялық және вокалды ұжымдардың келуіне иран мәдениетін насихаттаушы көркемөнерпаздар үшін киімдер мен музыкалық аспаптар алуға көмектесуде.

  Қарашайлар

Қарашайлар – Ресейдің байырғы тұрғындарын құраушы халық. Олар сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстан мен Түркияда тұрады. Этностың жалпы саны – 230 мың адам. Алтай тіл шоғырының түркі тобына жататын қарашай-балқар тілінде сөйлейді. Жазуы кириллица базасында. Этнос өкілдерінің көпшілігі исламның сүннитін ұстанады. Қазақстанда «Минги-Тау» қарашай-балқар аймақтық қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Орталық жанынан «Минги-тау» фольклорлық- этнографиялық би ансамблі құрылған. Белсенді қызметі үшін ол бірнеше мәрте дипломдармен және ескерткіш жүлделермен марапатталған. Ансамбль - «Айналайын» байқауының, Түркияда өткен «Фомгет», «Балалар мерекесі» байқаулары мен халықтар достығы фестивалінің лауреаты. Алматы облысының Қарасай ауданындағы Жандосов ауылында ана тілін үйрену жексенбілік мектебі жұмыс істейді. Тарихты, әдет-ғұрыптар мен мәдениетті оқыту да осы жерде жүзеге асырылады. Сәл кейінірек Өтеген батыр ауылында екінші жексенбілік мектеп ашылды. Орталық мұғалімдерді ана тіліндегі әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Жастар ұйымдарының белсенді жәрдемімен және мемлекеттік органдардың қолдауымен ана тілінде және мемлекеттік тілде балалардың жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылды. Мерекелік шоудың кейіпкерлері қарашай-балқар ертегілерінен алынды. Конференциялар мен әдеби кештер, диаспораның белгілі адамдарымен кездесулер өткізіліп тұрады. Қазақстанда тұратын қарашайлар мемлекеттік қызмет, саясат, экономика, спорт сияқты түрлі салада, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында істейді. Мысалы, Борлаков Азрет-Али Ибрагимұлы – инженер-экономист, кәсіпкер, «Достар Маркет» директоры, Ислам Байрамуков – еркін күрестен 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.Қарашайлар Қазақстан халқы қауымдастығы өткізетін Халық ас мәзірі фестиваліне белсенді қатысады. Мереке қонақтары ұлттық тағамдардың дәмін ғана сезініп қана қоймай, ұлттық киімдермен де таныса алады, сондай-ақ осынау тамаша халықтың мәдениетіне де қаныға алады.

   Карел-финдер

Финдер – Финляндияның байырғы тұрғындарын құраушы халық. Балтық-финн тобындағы финн тілінде сөйлейді. Жалпы саны – 5,7 миллионға жуық адам. Карелдер – Карелияның байырғы тұрғындарын құраушы халық. Балтық-финн тобындағы карел тілінде сөйлейді. Жалпы саны – 125 мыңға жуық адам. «Суоми» республикалық этномәдени бірлестік жалпы жиналыста бастамашыл топтың ұсынысымен құрылған. Орталықтың белсенділері 40 адамды құрайды. «Суоми» ұлттық тілді оқыту жұмыстарын, даңқты адамдармен кездесулер ұйымдастырады, Финляндия мен Карелияның мерекелерін тойлайды. Жастар қанаты тәжірибе алмасу, үйірмелер, музыкалық және би клубтарын ұйымдастыру мақсатымен басқа да орталықтардың өкілдерімен белсенді түрде өзара әрекеттесуде. Бірлестік Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында финн кәсіпкерлерінің форумын өткізуге қатысты. Шара барысында ынтымақтастық бойынша көптеген мәселе шешілді. Финляндиямен аймақтық және іскерлік байланыстар бойынша Fin PRO ұйымы ашылды. Қазақстанда карел-финн мәдениетінің апталығы өтті. Ол Ұлттық кітапханада Финляндия мен Карелия және осынау туысқан екі халық туралы баяндайтын кітаптардың көрмесінен басталды. Алматыдағы Достық үйінде баспасөз конференциясы, түрлі ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен концерт болып өтті. «Суоми» этностық мәдениетін, диалектісі мен дәстүрлерін сақтау үшін жыл сайын Жаңа жыл, Рождество, Тәуелсіздік күні, Пасха мерекелерінің құрметіне шаралар ұйымдастырып отырады. Сондай-ақ 28 ақпанда этнос өкілдері «Калевал» халық эпосының күнін атап өтеді. Орталық әдеби, көркемөнер, шығармашылық мерекелерін өткізіп тұрады. Қазақстанда тұратын карел-финдер өздерінің салт- дәстүрі мен мәдениетінің ерекшеліктерін сақтай отырып, барлық этнос өкілдерінің арасындағы достық, бірлік пен келісім саясатын қолдайды.

   Күрдтер

Күрдтер Күрдстанның тұрақты тұрғындарын құраушы халық. Олар Қазақстанда, Иракта, Иран да, Сирия мен Түркияда түрады. Жалпы саны – 1 миллионға жуық адам. Иран тіл шоғырының солтүстік-батыс табына жататын күрд тілінде сөйлейді. Жазуы араб графикасының базасына жатады. Күрдтердің көпшілігі исламның сүннитін ұстанады. Еліміздің аумағында күрдтердің «Барбанг» Ұйым күрд тілін, тарихы мен мәдениетін оқытатын республикалық қауымдастығы жұмыс істейді. жексенбілік мектеп ашқан, фольклорлық ансамблдер, үйірмелер құрған, кітаптар, оқу құралдарын шығарады. Күрд тілінде кітаптар, көркем және оқу әдебиеттері, «Нубар» әдеби-көркем журналы мен «Жийана курд »газеті шығып тұрады. Еліміздің облыстарында ұлттық және мемлекеттік тілдерді оқытатын жексенбілік мектептер ұйымдастырылған, Күрд халқы жыл сайын: Халықтардың бірлігі күнін, 8 Наурызды, шығыстың жаңа жылы Наурызды және елдің Тәуелсіздігі күнін атап өтеді. Дәстүрлі түрде фольклорлық-этнографиялық, «Қазақстан – біздің отанымыз», «Біз достықпен күштіміз» атты фестивальдары өткізіліп тұрады. Ұлттық Мемлекеттік мұражай жанында күрд халқының тарихына қатысты экспозиция тұрақты жұмыс істейді. 2008 жылы қазақ жерінде күрдтердің тұра бастағанына 70 жыл толды. Бұл оқиға Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен республиканың күрдтер жиі орналасқан жерлердің бәрінде кеңінен аталып өтті. Ғалымдармен, жазушылармен және ақындармен кездесулер өтті, күрд әдебиетінің, ұлттық киімдері мен тағамдарының, көне және тұрмыстық бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның жалғасы ретінде еске алу датасына ұластырылған «Күрдтердің Қазақстанда тұрып жатқанына – 70 жыл» атты ғылыми- тәжірибелік конференция Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтті. Оған қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар, этномәдени орталықтарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, депортация куәгерлері қатысты. Елімізде 12 этномәдени орталығы мен күрдтердің республикалық «Барбанг» қауымдастығы жұмыс істейді. Қазақстанда тұрып жатқан күрдтер өздерінің дәстүрі мен мәдениетінің ерекшеліктерін сақтай отырып, барлық этностар өкілдерінің арасындағы достық, бірлік пен түсіністік саясатын қолдайды.

  Литвалықтар

Литваның байырғы тұрғындарын құрайтын халық. Олар сондай-ақ Қазақстанда, Англияда, Ресей мен Шотландияда тұрады. Жалпы саны - 3,45 миллионға жуық адам. Үндіеуропалық тіл шоғырының балтық немесе летто-литвалық тармағына жататын литван тілінде сөйлейді.жазуы латын графикасы базасына жатады. Литовцы азақстандағы Литва Республикасы елшілігінің көмегімен Қарағандыда облыстық Lituanica -этномәдени орталығы құрылған. Оның басқармасы 50 адамнан тұрады. Бастамашыл топ халықтың тілі мен тарихын білу жөнінде курстар ұйымдастырды. Орталық жанында жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Литвадан әлеуметтік қамту вице-министрі Виолетто Мураускайте бастаған делегацияның ке- луі Жезқазғандағы Кенгір лагеріндегі саяси тұтқындардың Кенгір көтерілісінің 50 жылдығына орай ұйымдастырылған еді. Жыл сайын 31 мамырда аталып өтілетін саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арнап Жезқазғанда, Қарағанды мен Балқашта қаза болған литвалықтарға ескерткіш белгілер қойылды. Орталық әлемнің 33 елінен делегаттар келген Бирштoнас қаласында өткен литвалықтардың халықаралық съезіне қатысты. Шара кеңестік жүйенің кезінде репрессияға ұшыраған литвалық азаматтардың тарихи отанына оралуына арналған мемлекеттік бағдарлама аясында өтті. Бірлестiк Литваның түрлі министрліктерімен, ве- домстволарымен байланысып, республиканың тарихы, мәдениеті жөніндегі кітаптар, газет-журналдар алып тұрады. Lituanica оқу кабинеті бар офиске ие. Сенім телефоны жұмыс істейді, одан кез келген ақпаратты алуға болады. Мәдени орталық хабарсыз кеткен адамдарды іздеу қызметімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Литва Республикасына барғысы келетін азаматтар үшін құжаттар мен визаларды толтру жөнінде кеңестер беріледі. Қазақстанда тұратын литвалықтар өздерінің салт- дәстүрі мен мәдениетін сақтай отырып, барлық эностар өкілдерінің арасындағы достық, бірлік пен келісім саясатын қолдайды.

   Молдавандар

Молдавияның түпкілікті тұрғындарын құраушы халық. Олар сондай-ақ Қазақстанның, Италия, Ресей мен Украинаның аумағында тұрып жатыр. Жалпы саны – 3,35 миллионға жуық адам. Роман тілдері тобына жататын молдаван тілінде сөйлейді. Жазуы кириллица базасына жатады. Этностың басым көпшілігі христиандықты ұстанады. азақстанда диаспора белсенділері – В.В.Бобенку, Т.Г.Есеналина, Ю.А.Котруцаның бастамасымен құрылған республикалық «Стругура» молдаван этномәдени орталығы жұмыс істейді. Орталықта молдаван халқының салт-дәстүрі мен тіліне деген патриотизмге, махаббатқа тәрбиелеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Бірлестік жанынан жастар секторы ашылған. Орталық жыл сайын «Молдова мәдениетінің күндерін», «Мэрцишор» көктем мерекесі мен «Біз - қазақстандықтармыз» атты фестивалін ұйымдастырады. «Стругураш» Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін футбол мен мини-футболдан және жасы келген адамдар арасындағы спартакиада сияқты барлық спорттық жарысқа қатысып отырады. Орталық бірнеше мәрте әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар: қамқорлыққа зәру мүгедек балалар мен қарт адамдар үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. Этностың шығармашылық ұжымы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Есірткісіз өмір» акциясы- на концерттік бағдарламамен қатысты. 2011 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Стругураш» Мәдениет және ақпарат министрлігініңқолдауымен «Біз - қазақстандықтармыз!» атты фестиваль өткізді. Оның қонақтары Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық қорының өкілдері, Алматы қаласының әкімдігі, қоғамдық ұйымдар, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары болды. «Экзерсис» хореографиялық студиясының қатысушылары молдаван билерінің әсемдігін көрсетті. Сондай-ақ қолданбалы өнер туындыларының көрмесі де ұйымдастырылды. Елімізде құрамында Қазақстанның румын-молдаван қауымдастығы мен «Стругураш» молдаван мәдени орталығы кіретін қоғамдық қор жұмыс істейді. Қазақстанда тұратын молдавандар өздерінің салт дәстүрі мен мәдениетінің ерекшеліктерін сақтай отрып, барлық этностың өкілдері арасындағы достық, бірлік пен келісім саясатын қолдайды.

  Моңғолдар

Моңғолдар - Моңғолиядағы тұрғылықты тұрғындарды құраушы халықтардың тобы. Олар сондай-ақ Қазақстанда, Қытай мен Ресейде тұрады. Жалпы саны – 20 миллионға жуық адам. Алтай тіл шоғырының моңғол тобына жататын моңғол тілінде сөйлейді. Жазуы кириллица базасына жатады. Этнос өкілдерінің басым көпшілігі ламаизмді ұстанады. Жас ұрпағына моңғолдар өз халқының салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпын құрмет тұтып, мәдениетінің ерекшеліктері туралы білімдерін кейінгі беріп отырады. Этникалық қауымдастық ұлттық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекет- -тік тілін үйрену курстарын жүргізеді. Қауымдастық мәдениетінің ерекшеліктерін ұлттық билер, дәстүрлік киімдер мен қолданбалы өнер туындыларының көрмелері арқылы көрсетеді.2010 жылы Қазақстанда Моңғолияның мәдени күндері өтті. Осы шараның аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында моңғол жазушысы Илам Қабышұлының «Тұран әлемі» атты кітабының тұсаукесері болды. Нұр-Сұлтанда салтанатты концертөткізілді. Осы шара аясында ұжым дәстүрлі моңғол музыкасынан оның бүгінгі бағыттарына дейінгі көптеген нөмірлерді көрерменге ұсынды. Конгресс-холда салтанатты шараның ұйымдастырушысы – «Қазақ әуендері» АҚ фотокөрме ұйымдастырды. Онда моңғолдардың бүгінгі тұрмысы мен мәдениеті, табиғаты көрініс тапқан. Халықтың мәдениеті өнердің барлық жанрында бейнеленген. Ұлттық киімдері, ырғақты билері, әндері этникалық рухты барынша жарқырата көрсетті. Қазақстанда тұрып жатқан моңғолдар өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетінің ерекшеліктерін сақтай отырып, барлық этнос өкілдері арасындағы достық, бірлік пен келісім саясатын қолдайды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға