Жаңалықтар

Қазақ халқы Ұлы Даланың кіндігін мекендеген ертедегі тайпалардан құралған

Қазақ халқы Ұлы Даланың кіндігін мекендеген ертедегі тайпалардан құралған
28.08.2014 09:37 4426

Қазақтың өзге жұртқа ауып кетпеген не басқа ұлттқа сіңіп кетпеген тобы қазіргі Қазақстан, Солтүстік Өзбекстан, Оңтүстік Ресей, батыс Моңғолия, Қытайдағы Алтай мен Тəңіртау аралығында өмір сүруде. Оның халық болып құралуы сонау алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дəуірі(б. з. б. II, I- мыңжылдықтар) мен темір дəуірі (б. з. б. VII-IV ғасырлары)кезеңдерінен бастау алады. Ол кездегі тайпалар антропологиялық жағынан негізінен еуротекті нəсілдерге тəн-ді. Ал, көп тайпалы сақтардың тілі де көп (ирандық, түріктік, т. б. ) тілдерді қамтитын. Қазақ халқының бастауына солсақтар, одан кейінгі Ғұн қағанатының батысындағылар, сосынғы Түрік пен Түргеш, т. б. жоғарыда айтылған қағанаттар құрамына енгендер кіреді. Қазақ халқының шығу тегі жайлы сөз болғанда мына екі мəселені қатар қарастыру керек: А. Лингвистикалық аспектілер (факті жөніндегі айрықша көз қарастар). Бұл тараптағы дамудың ірі барысы былай: ежелгі түріктік пен еуропалық→ прототүріктік (алғашқы түріктік) → түріктік → протоқазақтық → қазақтық. Демек бұл іс жүзінде үнді-еуропалық жəне түріктік екі тағаннан тұрады. Алғашындағы ежелгі иран тілділер мен түрік тілділерді қамтыған кезеңінен (б. з. б. III-І мыңжылдықтар) екінші кезеңге - түрік тілділердің шығыс жақтағы тайпаларының да батысқа (қандастарына) қарай қоныс аударуы мен түріктердің үстемдік алу кезеңіне, түріктену сатысына өткен. Бұл барыс б. з. I - Vғасырларында белсенді жүрді де, жергілікті жұрт ішіндегі өзге тілділер тіліне мықтап əсер етті. Б. з. VI ғасырынан бастап жерлік түрік тайпаларына шығыстан келген түрік тайпаларының кеп қосылуы салдарынан түрік басымдылығы тіпті арта берді. Түрік тіліне Ғұн қағанатындағы (оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар, қаңлы, жүз, алан,) тайпаларының түрік тілді диалектілері тіке əсер етіп, түрік тілі ішіндегі арғы қазақ тілін белсене құрасқан. Қазақ тілі түріктілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Бұл тармақта қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз, тілдері бар. Ə. Антропологиялық аспектілер. Бұл жақтағы дамудың басты барысы: еуропалық → еуропа-моңғолдық →моңғолдық-еуропалық. Мұндағы еуропа-моңғолдық сатыдан кейін, үйсін, қаңлы, ұлыжүз, керей, найман, тіпті аландар мен соғдылықтардың монголоидтік нəсілмен аралсуы басталады. Бұл барыс б. з. I-V ғасырларында белсенді жүрді де, жергілікті жұрттың кескін-кейпіне мықтап əсер етті. Б. з. VI ғасырынан бастап жергілікті түрік тайпаларына тағы да шығыстан (бергі топ ретінде, негізінен байырқу, бұлақ, қарлық, қимақ, қыпшақ сықылды) түрік тайпаларының тағы бір тобының кеп қосылуы салдарынан түрік басымдылығы тіпті арта берді.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға