Жаңалықтар

Қайсар рухты халық қызы

Өр рухты отты өлеңдері әр қазақтың жүрегіне жеткен, мұң нала сағынышқа толы сары әлемі қазақтың кең даласын ораған қайсар рухты Фариза Оңғарсынова дүниеден өтсе де, оның шығармалары мәңгілік өміршең.
08.12.2014 03:19 9667

Өр рухты отты өлеңдері әр қазақтың жүрегіне жеткен, мұң нала сағынышқа толы сары әлемі қазақтың кең даласын ораған қайсар рухты Фариза Оңғарсынова дүниеден өтсе де, оның шығармалары мәңгілік өміршең. 

Қайсар рухты халық қызы

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың жырларын халық есінде мәңгі сақтау мақсатында 2014 жылдың  22-23 желтоқсан күндері ақынның 75 жылдығына арналған І Республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – поэзия патшайымы Фариза Оңғарсынованың жырларын жастарға таныстыру арқылы оларды отансүйгіштік рухқа тәрбиелеу, туған ел, туған жерді сүюге шақыру, «Мәңгілік ел» идеясын дәріптеу, талғампаз да талантты жастарды табу.

Қайсар рухты халық қызы

Мен бір қызық адаммын:

қатал тағдыр сілкілеп мың сынаған,

құлап-тұрып, сонда да тыншымаған.

Жұртқа деген ызадан булыққанда,

сені орынсыз азаптап ұрсып алам.

Сен асқақсың - білемін.

Маған ғана иіліп кішіресің

(иілу де бұл күнде кісіге сын).

Қуаныштың мен үшін не екенін

бұл жалғанда сен ғана түсінесің.

Фариза Оңғарсынова

Байқаудың ережесі:

Сайысқа 16-30 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады:

І кезең. Ф.Оңғарсынованың бір шығармасын жатқа оқу;

ІІ кезең. Республикаға танымал ақын-жазушылардың Фаризаға арналған өлеңдерін оқу;

ІІІ кезең. Еркін тақырыпта проза немесе драмадан үзінді оқу; (5 минут)

 

Көркемсөз мәтінін оқу шеберлігіне қойылатын талаптар:

- дауыс мәнері және тіл тазалығы;

- мәтінді таңдау талғамы;

Жүлде қоры:

Бас жүлде – 180 мың теңге

1-орын  – 150 мың теңге

2-орын –  120 мың теңге

3-орын – 100 мың теңге (екеу)

Барлық қатысушыларға 30 мың теңге ынталандыру беріледі.

Қосымша ақпарат:

  • Қазылар алқасының құрамына елімізге белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылады.
  • Қазылар алқасының шешімі хаттамалармен рәсімделіп, ол қайта талқылауға, қаралуға жатпайды.
  • Қатысушылардың жолақысын жіберуші жақ төлейді. Жатар орны, тамақтандыру ұйымдастырушы жақтан.

Атырау қаласына келу күні -21 желтоқсан.

Байланыс телефондары:

 8 7122 32-44-49, 35-44-28

8701 464 72 99

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға