Жаңалықтар

АВТОМОБИЛЬ ӨНЕРКӘСІБІ

АВТОМОБИЛЬ ӨНЕРКӘСІБІ — өнеркәсіптің автомобиль жасауға мамандандырылған саласы.
28.08.2014 13:26 10755

АВТОМОБИЛЬ ӨНЕРКӘСІБІ — өнеркәсіптің автомобиль жасауға мамандандырылған саласы. 1892 ж. Генри Форд (АҚШ) өзі жүретін автомобиль жасап шығарғаннан кейін көліктің осы түрін өнеркәсіптік тәсілмен шығару Еуропа елдерінде тез дамыды. Франция, Англия, Швеция, Италия, Германия, Ресейде автомобиль жасайтын арнаулы кәсіпорындар көбейді. А. ө-н өркендетуде өндірістің желілік әдісін кеңінен қолданған АҚШ алға шықты. 1900 ж. мұнда 4192 автомобиль жасалды. Францияда 1895 ж. құрылған “Рено”, 1896 ж. құрылған “Пежо автомобиль” монополиялары аз уақыттың ішінде жылына екі мың автомобиль шығара алатын дәрежеге жетті. Автомобиль зауыттарында жүк және жолаушылар таситын автомобильдер, сұйық заттар (бензин, май, су, сүт т.б.) тасуға арналған автоцистерналар, автокүймелер (автофургондар), сусымалы және жабысқақ жүктерді таситын автоқотарғыштар, тіркемелер, жартылай тіркемелі сүйреткіштер, цемент, мал, мал азығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдер, тез бұзылатын жүктерді таситын рефрижераторлар т.б. шығаратын болды. Автомобиль өндірісі бензин, керосин, металл, бояуларды көп талап еткендіктен А. ө. мұнай, химия, металлургия өнеркәсібінің өркендеуіне жол ашты.

20 ғ-дың 30-жылдары бүкіл дүн. жүзінде қаулай өркендеген А.ө. дүниежүзілік соғыстар тұсында қуатты әскери қару екенін танытты. Осыған орай ракета қондырғылары, радио, радиолокация ст-лары, әскери жабдықтар орнатылған машиналар, ауыр ракеталарды, артилл. жүйелерін, мина атқыштарды, ұшақтарды, арнайы тіркемелерді алып жүретін автомобильдер көптеп шығарылды. А.ө. жасаған жанар-жағармай мен оттегін құятын арнаулы жабдықталған машиналар, жүк көтергіштер, штаб автобустары, жөндеу шеберханалары, химия әскерлерінің, инженерлердің, санитарлардың, өрт сөндірушілердің арнаулы машиналары әскери бөлімшелердің майданда маневр жасауына, жауынгерлік тапсырмаларды жедел орындауына қыруар көмек көрсетті. Автомобиль зауыттары шығарған ұшақтардың энергетика, гидравлика, пневматика және басқа да жүйелерін тексеретін, ұшақтарды жетекке алатын, ұшу-қону алаңын тазартатын арнаулы машиналары әскери авиацияның қуатты қарқынмен өркендеуіне жол ашты.

2-дүн. жүз. соғыстан соңғы кезеңде А.ө. зор қарқынмен дамып, өнеркәсіптің арнайы мамандандырылған тиімді салаларының біріне айналды. Автомобиль өндірісімен түбегейлі айналысатын ғыл.-зерт. және жобалау ин-тары технол. процестерді үздіксіз жетілдіру, энергет. және отын ресурстарын, шикізат пен материалдарды, еңбек шығындарын үнемдеу арқылы халық ш-ның талаптарына сай жаңа тұрпатты автомобильдер шығаруды қолға алды. Өнімді жұмыс істейтін жабдықтар мен жетілдірілген өндіріс технол-сын қолданған А.ө. жанармайды үнемдейтін шағын литражды жеңіл автомобильдермен қатар жайлы автобустар өндірісін игерді. Двигательдің қуатын арттырып, отын шығынын кемітетін, жол талғамайтын, жүкті көп көтеретін автомобиль кәсіпорындары көбейді. Ресей А.ө-нің 10-12 т жүк көтеретін ауыр автоқотарғыштарын, 12-14 т жүк көтеретін қорапты автомбильдерін, 25-40 т жүк тартатын карьер қотарғыштары осы тұста шығарылды. А.ө-бін өркендетуге, әсіресе, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Италия, Жапония автомобиль монополиялары зор үлес қосты. 20 ғ-дың алпысыншы жылдарының ортасында ғана 3 американ, 7 батыс еуропалық автомбиль монополиясына дүн. жүз. автомбиль өндірісінің 80% үлесі келді. Осы тұста “Дженерал моторс” (General Motors), “Форд мотор” (Ford Motor) және “Крайслер” (Chrysler) компаниялары дүние жүзінде шығарылатын бүкіл атвомобильдердің 90%-тен астамын қолдарына алды. Германияның “Фольксвагенверк” (Volkswagenwerk), А. Опель (А. Opel), “Форд-верке” (Ford-Werke) және Даймлер-Бенц (Daіmler-Benz) фирмалары, Англияның “Бритиш мотор холдингс” (Brіtіsh Motor Holdіngs), “Форд мотор” (Ford Motor), “Воксколл моторс” (Vauxhall Motors), “Рутс моторс” (Rootes Motors) және “Лейленд мотор” (Leyland Motor) компаниялары, Францияның “Рено” (Renault), “Пежо автомобиль” (Pengeot Automobіles), “Ситроен” (Cіtroәn) және “СИМКА автомобиль” (SІMGA Atomobіles) фирмалары өз елдеріндегі бүкіл А.ө-н өздерінің монополиясына айналдырды. Италиядағы “Фиат”, Жапониядағы “Тоәта моторс” және “Ниссан мотор” компаниялары автомобиль жасайтын және бұл көлікті шет елдерге көптеп сататын дүние жүзіндегі аса ірі монополиялар болып отыр.

Қазақстанда А.ө. болмағандықтан автомобиль құралдары негізінен Ресей, Венгрия, Польша, Чехословакия т.б. елдерден алынды. Қазақстанның Оңт. Корея автомобиль жасаушыларымен ынтымағы жақсы нәтиже берді. Алматыда бірлескен автомобиль зауыты ашылды. Бұл Қазақстанда А.ө-н өркендетудің алғашқы қадамы болды.

З.Сақиұлы

"Қазақстан энциклопедиясы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға