Жаңалықтар

Ауамен жеткізетін сиқыршы емеспіз. Beeline басшысы интернет жылдамдығы неге нашар екенін түсіндірді

Ауамен жеткізетін сиқыршы емеспіз. Beeline басшысы интернет жылдамдығы неге нашар екенін түсіндірді
Фото: © ОКҚ 11.08.2023 14:30 1757

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер интернеттің бірде істеп бірде ұстамай қалатын әдеті бар екенін айтқан. Бұған Beeline Қазақстан бас атқарушы  директоры Евгений Настрадин интернеттің сапасының нашар болуының бірнеше себебі барын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

El.kz тілшісі интернеттің бірде істеп бірде ұстамай қалатын әдеті барын еске салған.

 Осындай кезде трафик жүре бере ме? Жұмыс істемеген күндер үшін халық неге ақы төлеуі керек деген сауалына Евгений Настадин интернеттің сапасы тек қана операторларға байланысты емес екенін және мұның екіжақты қарастыру қажет екенін тілге тиек етті.

Бұл өз кезегінде апатқа байланысты да болып тұрады. Мұны мойындауымыз керек. Егер қалада электр энергиясы өшкен жағдайда, онда автоматты түрде мобильді байланыс өшеді. Электр қуатынсыз интернеттің жұмыс істеуі мүмкін емес. Кейде бұл қандайда да бір аварияға  байланысты болады. Мысалы, трансфорттардың жерді қазып, қандай да бір жұмыс жүргізуі байланысқа зақым келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда біз қол қусырып отырмаймыз. Біздің желілер ұялы байланыс операторы бұл инфрақұрылым деп үнемі айтып келемін. Біз қандайда да бір гигабайтты ауамен жеткізетін сиқыршы емеспіз. Егер инфрақұрылым бұзылса, қызмет төмендейді, бұл байланыс желісіне де әсер етеді, – деді ол.

Сондай-ақ компания басшысы ол әр сайттарында аккумуляторлық батареялар барын айтты. Бұл электр қуатынсыз да қызмет көрсетуге мүмкіндік береді деп отыр.

Телеком операторы ретінде біздің жұмысымыз абоненттің өмір сүру ыңғайлылығына тікелей әсер ететінін түсінеміз. Сондықтан біз қамтуды жақсартуға ақша салуды тоқтатпаймыз. 2020-2023 жылдар аралығында Beeline Қазақстанның күрделі шығыстары 200 миллиард теңгеден асты. Бес жыл ішінде базалық станциялардың саны 90% - ға өсті, ал барлық техникалық инфрақұрылымға қызмет көрсететін команда 40% - ға жетті. Жыл сайын біз мыңдаған базалық станцияларды саламыз және жаңғыртамыз. Мысалы, биылғы жылы 450 мың мобильді желі элементтерінің 90 мыңын ауыстырып, жаңарттық. Біз абоненттеріміздің сапасына риза болуы үшін көбірек салуға және инвестициялауға дайынбыз, – деді Евгений Настрадин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға