Жаңалықтар

Ауадан ақша жасағандар

Назарларыңызға ерекше кәсіб түрін таңдап, байлыққа қол жеткізген компанияларды ұсынамыз.
09.03.2016 12:18 6496

Жеке кәсіппен айналысатындар саны күн санап өсіп келеді. Олар алуан түрлі. Әр адам өзінше ерекшеленгісі келіп, жаңа кәсіп түрін ашуға тырысады. Бұл нарықта бәсекелестерін артта қалдырып, мейлінше көбірек қаражат табуға көмектеседі. Дегенмен, жеке кәсіппен айналыспақ болған адам «қандай кәсіппен айналысқан дұрыс» деген сауалға бас қатырары анық.  Назарларыңызға ерекше кәсіп түрін таңдап, байлыққа қол жеткізген компанияларды ұсынамыз.

Ауадан ақша жасағандар  

Күлмен салынған портрет

«Ashes to Portrets» компаниясы өмірден өткен жандардың портретін салумен айналысады. «Мұндай компаниялар көп» деп ойлап отырған боларсыз? Асықпаңыз, бұл мекеме қайтыс болған адамның күлінен сурет салады. Ойға келе бермейтін бұл әдіс көпшілік арасында сұранысқа ие. Ал компания басшылығы үлкен сұраныстың арқасында үлкен табысқа кенелген.

Ауадан ақша жасағандар  

Ақылы құшақтасу

Батыста жаңа мамандық түрі пайда болды. «Snuggery» деп аталатын мекеменің қызметкерлері ақылы құшақтасумен айналысады.  Бір сағат құшақтасу 60 доллар тұрады екен.  Компания басшылығының айтуынша олардың қызметкерлері ешқандай жыныстық қызмет көрсетпейді.  Жақын адамы жоқ, жалғыздықтан жаны қиналып жүрген адамдар және жай қызық іздеген жандар бұл мекемеге көптеп хабарласатын көрінеді.

Ауадан ақша жасағандар  

Құпияңды кепілдікке қой

Өзінің жаңа идеясымен көзге түскендер бізде де бар. Ғаламторда Астана қаласында ашылған ерекше ломбард туралы сыбыс көбейіп кетті. Бұл ломбардтың ерекшелігі — кепілдікке құнды зат емес, құпияңды қабылдайды екен. Мысалы: ешкімге сыр шертпеген құпияңыз болса оны ломбартқа айтып, ол үшін ақша ала аласыз. Өкінішке қарай ломбард құпия түрде жұмыс істейтін болғандықтан, ол туралы нақты ақпарат табу мүмкін болмады.

 Ауадан ақша жасағандар

Ақылы ат қою

Швейцария — бай мемлекет. Жаңа туған сәбиге есім беруге бұл елдің адамдары өте үлкен мән беретін секілді. Бұған дәлел — жаңа туған сәбиге есім ойлап табатын компания. Бір есім ойлап табу 42 мың доллар тұрады.  Қыруар қаражат жұмсап бұл мекеменің қызметін пайдаланатын адамдар өте көп екен. Егер балаңызға ешкімде жоқ, ерекше есім ойлап тапқыңыз келсе осы компанияның қызметіне жүгінсеңіз болады.

 Ауадан ақша жасағандар

Жол полициясын хабарлаушылар

Беларусь жастары ақша табудың жаңа бір әдісін ойлап тапты. Олар жолда жылдамдық тексеріп тұрған жол полиция қызметкерлерін тауып алып, олар жайлы жүргізушілерге алдын-ала хабарлап тұрады. Өз кезегінде жүргізушілер үлкен көлемде айыппұл төлегенше балаларға ұсақ ақша беріп рахмет айтқанды жөн санайды екен.  

 Ауадан ақша жасағандар

Реанимациялық автобус

Ойын-сауықтың астанасы саналатын Лас-Вегаста ерекше автобус жұмыс істейді. Бұл автобусты адамдар бір жерден екінші жерге бару үшін емес, ем қабылдау үшін пайдаланады екен. Автобустың ішінде кәсіби медбикелер ішімдік ішкен адамдарға система салып, естерін жиюға көмектеседі екен.


Рүстем ӘЛПИ  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға